Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 11310 0 пікір 29 Қараша, 2012 сағат 08:05

«Қыз Жібекті» қаншалықты білесіз? (тест)

40 жылдан бері көрсетіліп келе жатқан ұлттық киноклассикамыздың әр сәті әлі күнге жадыңызда ма? Мұны төмендегі тест арқылы тексеріп көріңіз.

1. «Қыз Жібек» фильмі басталғанда айтылатын ең алғашқы сөз қандай?

а) «Ағайын!»

ә) «Аруақ!»

б) «Алдияр!»

2. Қазір көпшілік арасында әзіл ретінде де айтыла беретін «Бекежан мырза, сен сөзді бөле бердің ғой...» деген ескертпені фильмде кім айтады?

а) Қаршыға

ә) Базарбай

б) Сырлыбай

3. Базарбайдың өз ордасында жатжұрттық қонақтармен әлдебір ойын ойнап отыратын көрінісі бар. Ол қандай ойын?

а) тоғызқұмалақ

ә) дойбы

б) шахмат

4. Жібек Төлегенді алғаш көргенде оның алқалы топ алдындағы ашына айтқан сөздерін аузын аша тыңдап қалып...

а) ұйтқи соққан желмен басынан бөркінің ұшып түскенін байқамайды

ә) қолындағы кесе толы қымызды төгіп алғанын аңғармайды

б) жеңінен тартқан жеңгесін елең қылмай, ортаға шыға келгенін сезбей қалады

5. Көш кезінде Жібек күймеде келе жатады. Ал оның жеңгесі Кербез ше?

а) түйеде

ә) сәйгүлікте

б) күймеде, Жібектің жанында

6. Бекежанның Төлегенге айтқан «Қатынжандылығыңды көрдік...» деген сөзінің әрі қарайғы жалғасы қандай?

а) «...қане, сандалмай, қанша қадамнан атысатыныңды айт!»

ә) «...байқа, күшік күйеу!»

б) «...енді білек күшіңді байқайық!»

7. Жібектің Төлегенге мінгізген тұлпары қалай аталады?

а) Бозайғыр

ә) Тарланбоз

б) Ақбозат

8. Бекежанның «Мен Ақ Жайықта жеті рет жекпе-жекке шығып, жеті басты қанжығама байлап қайтқам! Сегізінші бас, жағалбайлы, сенікі!» деген сөзіне Төлегеннің қайтарған жауабы қайсы?

а) «Өз басыңа абай болғайсың, батыр аға!»

ә) «Өзгенің басына қызыққан өз басын да ойлай жүргені жөн болар!»

б) «Қанжығаңа бас, көзіңе қан толып, елді отқа итергелі тұрмысың?!»

9. Төлеген мен Бекежан қандай жауға қарсы бірге шайқасады?

а) қалмақтарға

ә) жоңғарларға

б) парсыларға

10. Бекежан Төлегенді қандай қарумен өлтіреді?

а) қылыш

ә) найза

б) жебе

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320