ҚМГ БӨ қаңтар-маусымда өндіруді 3,8%-ға төмендетіп 5,6 млн тоннаға жеткізді
Астана. 28 шілде. ҚазТАГ– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай газ компаниясының еншілесі) қаңтар-маусымда өндіруді 2008 жылғы аталған аралықпен салыстырғанда 3,8%-ға төмендетіп 5,6 млн тоннаға жеткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі сейсенбі күні.
«ҚМГ БӨ, «Қазгермұнай» мен CCEL-дегі үлестерін қоса есептегенде 2009 жылдың бірінші тоқсанында 5 млн 673 мың т мұнай өндірді (230,7 мың барр/тәулік), ол 2008 жылғы сәйкес аралықпен салыстырғанда 226 мың тонаға немесе 3,8%-ға аз», - делінген таратылған хабарда.
«Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» өндірістік бөлімшелері қаңтар-маусымда өндіруді 5,8% , яғни 4,4 млн т-ға (179,8 мың барр/тәулікке) төмендетті, делінген хабарда.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы Өзен мен Ембі кеніштерінде мұнай өндіру 9,1 млн т. (184,32 мың барр/тәулік) болады деп болжануда.
ҚМГ БӨ-нің үлесі 50% болатын «Қазгермұнай» мен CCEL-дегі кеніштерде тиісінше 3,1 млн т. (67 мың барр/тәулік) және 1,8 млн т. (33 мың барр/тәулік) өндіру жоспарлануда.
«Алдын ала мәліметтер бойынша 2009 жылдың алғашқы жартысында сатып алушыларға 4 млн 334 мың т. мұнай жөнелтілді («Қазгермұнай» мен CCEL-ді есептемегенде), оның ішінде экспортқа 3 млн 580 мың т. жіберілді», - делінген баспасөз хабарында.

«Қазгермұнай» мен CCEL-дегі шикізат сатудағы ҚМГ БӨ үлесі 1 млн 176 мың т. мұнайды құрады (2008 жылдың қаңтар-маусымынан 1,8 % артық), олардың 1 млн т-нан артығы экспортталды.