Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3740 4 пікір 19 Шілде, 2022 сағат 15:28

Қарабақ сапары: Басқыншының зұлымдығы

Екі жыл бұрын Әзірбайжан Армения басқыншылары Ресейдің қолдауымен басып алып, қан жұттырған Қарабақты қайтарып алды. 44 күндік соғыста кек алынып, жер қайтты. Отан үшін отқа түскен ерлердің үш мыңдайы шейіт болды. Жау қолындағы жеті ауданның бесеуі қайтарылды, қалған екеуі келісім бойынша қайтарылуы тиіс. 

Әзірбайжан тарапының шақыртуы бойынша азат етілген аудандарды көру мақсатында Abai.kz ұжымы Каспийдің арғы бетіне сапар шекті. Шілде айының 8-16 аралығында Қарабақтың азат етілген аудандарына барды.

Әзірбайжан Қарабақты көркейту және қайта қалпына келтіру жұмыстарына баса назар аударып отыр. Басқыншы қолында болған ширек ғасыр ішінде бақтары оталып, ғимараттары өртеніп, жүзімдері жұлынып, молалары қазылып, жолдары жұлмаланып, алқабы миналаныпты. Екінші Қарабақ соғысының соңғы күндерінде басқыншы басып алған аумақтан бас сауғалап қашқан сәтте Әзірбайжанға қалмасын деп еккен ағашын кесіп, ата-анасының моласын қазып, сүйегін қапқа салып әкеткенін айдай әлем көрді. Сондай сұмдық отыз жыл бойы жеті ауданда үздіксіз жүрген. Оқу бір бөлек, көзбен көру мүлде бөлек.

В Карабахе оценили потери Азербайджана более чем в 200 человек

Қарабақтың азат етілген аудандарына кіру өте қиын. Арнайы құжат пен Әзірбайжан билігінен рұқсат қағаз керек. Себебі қалт бассаң мина басып, басыңды жоғалтуың ықтимал. Минадан тазарту жұмыстары ондаған жылдар бойы жүргізілуі мүмкін. Сондықтан да ауданды минадан тазарту ең алдымен елді-мекендерді тазалау мен инфрақұрылым салатын аумақтан басталған. Жолдың бойына миналанған деген белгі қойылған.

Алғаш болып азат етілген ауданның бірі Физули ауданы. Аудан орталығы Физули қаласында басқыншылар келгенге дейін 40 мың халық өмір сүрген, ал бүгінде қалада бір ғимарат жоқ. Өртелген, тоналған. Қалаға апаратын жолда Мерденлі мешіті бар. Бір жарым ғасыр бұрын салынған мешітті басқыншылар бұзбай, мал ұстайтын қораға айналдырған. Әзірбайжан мешітті қалпына келтіру жұмыстарын бастамапты, басты себеп қасиетті орынға жасалған қиянатты жаһан елдеріне көрсету. Физули ауданында 8 айдың ішінде халықаралық әуежай салынған.

Первый аэропорт в Карабахе построен за 8 месяцев

Әзірбайжанның тағы бір әйгілі қаласы Агдам деп аталады. Агдамда заманында аты ТМД-ға танымал болған "Агдам шарабы" шыққан. Кейін әрине бұл қалашық толық жойылды, ал елу мың халқы Әзірбайжанның өзге аудандарына басқыншылардан қашып, қоныс аударды. Қаладағы әйгілі мешіттің мұнарасын басқыншылар әскери маяк ретінде қолданыпты, өзге ғимаратты толық қиратқан. Қаладағы Қарабақ хандарының жазғы резиденциясы толық тоналып, бейіті қиратылған. Қарабақ ханы салдырған медресе мен білім ошағы мал ұстайтын қораға айналдырылған. Агдамда әлемде екі ғана елде кездесетін "Нан мұражайының" бірі болған, оны басқыншылар толық өртеп жіберген. Үш қабатты шайхананы талқандап, темірін саудаға салған.

Битва за Агдам — Википедия

Қала маңында Қожалы қырғынында қаза тапқандардың зираты бар. Қожалы Агдам қаласынан 18-20 шақырымда орналасқан. 1992 жылы 26 ақпанда армян әскері Қожалыға шабуыл жасап, 613 бейбіт тұрғынды айуандықпен өлтірген. Азаптап, тірідей терісін сыпырып, жүкті әйелдердің ішін жарып, ыстық су құйған жайттар болған. Қожалыдан қашқан халық, жаралылар Агдамға келіп тығылған. Әлемді шарлап кеткен жүрек сыздатар суреттердің біразы осы Агдам қаласындағы мешітте түсірілген. Ал қаза тапқандардың көбісі осы Агдам қаласы маңындағы зиратта жерленген. Басқыншылар Агдамды да басып алған сәтте, зираттарды қазып, мүрделерді жойған.

Зұлымдықтың куәсі болған Агдам қаласында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үйлер мен мектеп, аурухана және университет салынуда. Әйгілі Агдам шарап зауыты да салынбақ. Әзірбайжан билігі Агдамға баса назар аударып, қалаға кезең-кезең бойынша халық қоныстанып, 100 мың тұрғыны бар ірі қала болады деп жоспарлауда. Қала орталығына геноцидке арналған ескерткіш пен мұражай салынбақ.

Алиев объявил город Шуша культурной столицей Азербайджана — РБК

Қарабақтың жүрегі Шуша қаласы. Шуша таудың басында, әсем шатқалдар арасында орналасқан. Армения "Шуша қаласын алу мүмкін емес" деп санаған, себебі қалаға апаратын жолдың барлығы биіктіктер арқылы өтеді және қаланы қорғау оңай. Алайда Әзірбайжан арнайы жасағы Шушаға адам шығуы мүмкін емес деген Жыдыр жүзі шатқалдары арқылы жаяу көтеріліп, қаланы қайтарып алды. Шуша қаласы әзербайжандар үшін қасиетті саналады. Қалада құрылыс қарқынды жүруде. Шуша 2023 жылы "Түркі әлемінің мәдение астанасы" деп жарияланған. Қалада түркілердің көптеген мәдени шаралары ұйымдастырылады.

Файл:General view of Shusha.jpg — Википедия

Қалаға кірер қақпада Ресейдің бітімгерлік күштері мен Әзірбайжан әскерінің әскери бекеті бар. Әр көлікті, әр адамды мұқият тексергеннен кейін қалаға кіруге рұқсат етеді. Әзірбайжанның әйгілі әнші Бұл-Бұлдың үйі қалпына келтіріліпті, ал басқыншылар автоматпен атқылаған әншінің ескерткішін бұзбай, сол қалпында қалдырған.

Шуша қаласынан басқыншылар қолындағы Ханкенді қаласы көрініп тұрады. Келісім бойынша қалған екі аудан Әзірбайжанған берілуі тиіс. Алайда Армения тарабы түрлі сылтау айтып, әскерін шығаруды созбалақтауда. Баку ұзақ күтпейтінін бірнеше мәрте ескерткен болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458