Сенбі, 23 Қараша 2024
1838 0 пікір 19 Шілде, 2022 сағат 15:36

Ресей Гордонға іздеу жариялады

Ресей украин журналисі Дмитрий Гордонға іздеу жариялады. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігі РФ ІІМ сілтеме жасап хабарлады. Іздеу оған қозғалған қылмыстық іске байланысты жүріп жатыр, бірақ қандай бап бойынша қозғалды, ол жайында нақты айтылмайды.

Биыл наурыз айында Ресейдің Тергеу комитеті Гордонға қатысты үш бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оны соғыс ашуға жария түрде шақырды, Ресейдің қарулы күштері жайлы жалған ақпарат таратты және ұлтына қатысты жек көрушілік туғызды деп айыптап жатыр.

Ресей мекемесі журналист "Украина телеканалының тікелей эфирінде Ресейге қарсы ядролық қару қолданып соғыс ашуға шақырды" дейді.

Бұл іске қатысты Дмитрий Гордонның өзі "Ресей тарабынан қозғалған іс бұл мен үшін үлкен мәртебе. Демек мен азаматтық және адамзаттық міндетімді адал орындап жатырмын" деп мәлімдеді.

Дмитрий Гордон – украин журналисі, "Дмитрий Гордонда қонақта" бағдарламасының авторы, "Гордон" интернет-порталының редакторы. Танымал саяси, мәдени және спорт өкілдерінен сұқбат алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475