Жұма, 11 Қазан 2024
2175 3 пікір 19 Шілде, 2022 сағат 15:56

"Ақбөкенді ату": Брекешев бүй дейді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстандағы киіктердің көбеюін реттеу туралы айтты. 

"Президент сынынан кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, қауымдастықтармен, институттармен, ғалымдармен тағы да бас қостық. Киіктердің көбеюін реттеу және пайдалану мәселелері тағы да талқыланды. Біз жұмыстарды, ғылыми зерттеулерді тереңдете жүргізу, көші - қон жолдарын, мекендейтін аумағын, жемшөп базасын қарау қажет деген қорытындыға келдік, бұл өте маңызды", - деді Брекешев ОКҚ брифингінде.

Министр ақбөкендердің саны үнемі өсіп отырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, популицияның белгілі бір шегі бар, содан кейін киіктердің арасында қорек пен су үшін ішкі бәсекелестік пайда болады.

"Популяция ішіндегі бәсекелестіктің артуы жануарларды әлсіретеді. Сондықтан осы мәселелердің бәрін тағы да қарап, талқылаймыз, содан кейін дұрыс шешімге келеміз деп ойлаймын. Бірақ тарихи тұрғыдан алсақ, мысалы, кеңестік дәуірде мұндай тәжірибе болды - популяция деңгейі сақталды. Сонымен қатар, бұл популяцияда теріні, мүйізді өндіру және етін пайдалану дұрыс әрі сауатты жүргізілді", - деп түсіндірді Экология министрлігінің басшысы.

Abai.kz

3 пікір