Қайрат Құдайберген енді депутат емес
20 шілдеде Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті.
Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау Комиссиясының қаулысы және «AMANAT» пен «Қазақстан Халық партиясы» партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді.
Партиялық тізімдер бойынша сайлау жүйесі алмастыруды көздейді. Бұл процедура әлемнің дамыған елдерінде іс жүзінде кеңінен қолданылады және меритократия мен партияішілік бірлік қағидаттарын іске асырудың жарқын мысалы болып табылады. Осы принциптер партиялардың резервтік тізімдеріндегі басқа мүшелеріне өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Партиялар тарапынан өз құрамынан келесі мүшелер шығарылды: Қ.Қ. Құдайберген «AMANAT» партиясынан, А.Б. Абылқасымова Қазақстан Халық партиясынан және А.Т. Шапенов Қазақстан Халық партиясынан (өз қалауы бойынша).
Abai.kz