Жұма, 11 Қазан 2024
2365 0 пікір 20 Шілде, 2022 сағат 15:26

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, кейінгі 3 жылда 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдар анықталған. Оның 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылған.

Ведомство мәліметінше, елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылым жетіспейді. Сондықтан биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша 5 млн га қайтару жоспарланған.

Бұл ауылдық елді мекендерде жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруді болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Abai.kz

0 пікір