Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Билік 4187 3 пікір 20 Шілде, 2022 сағат 15:30

Қазақстан экспорты рекордтық деңгейге жетті

Еліміз тауар экспорттаудан рекордтық көрсеткіш орнатты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылғы мамырда Қазақстанның тауар экспорты 7,7 млрд АҚШ долларын құрады. Мұндай айлық экспорт көлемі 2014 жылғы ақпаннан бері болмаған. ($7,9 млрд).

ERI сарапшыларының мәліметіне сәйкес, мұнай, металл және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жоғары бағасы Қазақстанға 5 ай ішінде $34,2 млрд экспорттық пайда әкелді. Бұл өткен жылғы 5 айлық көрсеткіштен 59%-ға немесе $12,7 млрд-қа артық.

Қазақстанның экспорттық сатылымының келесі өнімдер бойынша өскені байқалды:

мұнай - 91% немесе 9,6 млрд долларға;

ферроқорытпа - 61% немесе 529 млн долларға;

мыс катодтары - 25% немесе 318 миллион долларға;

бидай - 61% немесе 322 млн долларға;

уран - 2,6 есе немесе 497 млн долларға;

күкірт - 3,3 есе немесе $238 млн долларға.

Аталған тауарлар ел экспортының 90% өсуін қамтамасыз етіп, жиынтығында $11,5 миллиардтық өсімді көрсетті.

Айта кететін жайт, ұн (+$135 млн), күкірт (+$238 млн) және сұйытылған газ (+$94 млн) экспорты көлемі айтарлықтай өскен.

Тауарларымыз экспортталу көрсеткіштері келесі елдерге қатысты артқан:

Италияға - 2,9 миллиард долларға;

Қытайға - 1,5 млрд долларға;

Оңтүстік Кореяға - 1,3 млрд долларға;

Түркияға - 1,1 млрд долларға.

Бұған қоса Еуроодаққа жеткізу $5,8 млрд-қа және Азия елдеріне $5,2 млрд-қа өскені белгілі болды. Бұл екі бағыт қазақстандық экспорттың 87% өсімін қамтамасыз етті. Ал еліміздің ЕАЭО елдеріне экспорты қаңтар-мамырда 0,9%-ға төмендеді.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992