Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген қаржыны игеру қарқыны бойынша Альянс, Халық және ҚКБ банктері алда келеді
Алматы. 28 шілде. ҚазТАГ – Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген қаржыны игеру қарқыны бойынша «Альянс банк» АҚ, «Халық банкі» және «Қазкоммерцбанк» (ҚКБ) алда келеді. Банктер орташа есептегенде бөлінген қаражаттың 85% игерді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі сейсенбі күні осындай ақпарат таратты.
Таратылған мәліметтерге сәйкес, бұл банктердегі қаржыны игеру қарқыны тиісінше, 100%, 99% және 92% құрады.
Игерудің ең төмен қарқыны – «Темiрбанк» АҚ, «ЦентрКредитБанкінде» және «БТА Банкте» - тиісінше, 66%, 73% және 76%. Ал «Нұрбанк» АҚ келтірілген мәліметтерге сәйкес, бұл қаржыны мүлдем игермеген.
Берілген қаржының көп көлемі СҚО-ның үлесінде, мұнда өтініштердің 76% қанағаттандырылды. ОҚО-да және Алматыда өтініштердің 72% бойынша қаржы берілді.
Ең аз қаржы Жамбыл және Қызылорда облыстарында, ШҚО-да берілген – тиісінше, 48%, 51% және 58%.
Орташа есептегенде, облыстарда ипотеканы қайта қаржыландыруға өтініштердің 65% қанағаттандырылды.