Сенбі, 23 Қараша 2024
1630 0 пікір 21 Шілде, 2022 сағат 15:03

Қарағандыда шахтерлар жалақыны өсіруді талап етті

20 шілдеде Қарағанды облысы Шет ауданындағы "Ақжал" кенішінде "Нова цинк" компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жалақыны 50 пайызға өсіруді талап етті. Бұл жөнінде ekaraganda.kz сайты жазды.

Шахтерлар өз еңбегінің дұрыс бағаланбайтынын, төмен жалақы алатынын, бұған қоса, еңбек жағдайының өте нашар екенін алға тартты.

"Жалақыны көптен бері өсірген жоқ. Бұл жөнінде көптен бері айтылып жүр. Былтыр да айтылған. Бұған дейін ереуіл жекелеген цехтарда болған. Нәтижесі жоқ. Жарты жыл бойы бізге жақсы жалақы мен еңбек жағдайын уәде етті. Қазір барлық жұмысшы ереуілдеп жатыр. Жалақыны 50 пайызға өсірсін деп отырмыз. Еңбек жағдайы өте нашар" деп басылым шахтерлардың сөзінен үзінді келтіреді.

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, артынша кәсіпорын өкілдері жұмысшылармен келіссөз жүргізген.

"Ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімге қол жеткізілді, қалған мәселелер 3 тамызға дейін шешіледі. Қазіргі кезде кәсіпорын жұмысшылары жұмыс орындарына кетті, өз міндеттеріне кірісті" деді әкімдік өкілдері.

Өндіріс кәсіпорындары көп шоғырланған Қарағанды облысында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшылар ереуілі жиі болады. Былтыр "Абай" шахтасындағы апаттан кейін "АрселорМитталТеміртау" жұмысшылары наразылыққа шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396