Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 5422 11 пікір 21 Шілде, 2022 сағат 15:24

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның ең алғашқы чемпионы кім?

1976 жыл. Швецияда өткен ең алғашқы әлем чемпионаты тек 1 ғана сайыстан тұрды. 50 шақырым қашықтыққа созылған спорттық жүріс сайысында 37 жастағы отандасымыз Вениамин Солдатенко топ жарды.
20 елден 42 спортшы қатысты.

Вениамин Солдатенко (КСРО) — 3:54:40
Энрике Вера (Мексика) — 3:58:14
Рейма Салонен (Финляндия) — 3:58:53
Вениамин Солдатенко — ресми түрде ең алғашқы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Вениамин Солдатенко — әлем чемпионатында ерлер арасындағы спорттық жүріс сайысында топ жарған ең егде спортшы.
Вениамин Солдатенко — 1972 жылы өткен Мюнхен Олимпиадасында күміс жүлдегер алған. 1976 жылы Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталды. Себеп: көрермендерге қатты қызық емес және ұйымдастырудың қиындығы.

2022 жылы жеңіл атлетикадан АҚШ-та өткен әлем чемпионатында 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысында 26 жастағы Нора Жеруто әлем чемпионатының рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.

25 мемлекеттен 45 спортшы сынға түсті.

Нора Жеруто — 8:53.02
Веркуха Гетачью (Эфиопия) — 8:54.61
Мекидес Абебе (Эфиопия) — 8:56.0

БҰЛ "АЛТЫННЫҢ" ҚАНДАЙ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР?

Жеңіл атлетикадан өтетін әлем чемпионатының тарихында 73 мемлекеттің спортшысы қана 1-орын алған.

Жеңіл атлетикадан өтетін әлем чемпионатының тарихында 103 мемлекеттің спортшысы жүлде алған.

Қазір АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатына тарихтағы ең көп 1972 спортшы қатысты.

192 мемлекеттің басын қосқан қазіргі әлем чемпионатында әзірге 19 елдің спортшылары ғана "алтын" медаль алды.
Нора Жеруто әлем чемпионы атанғаны үшін, 70 000 доллар сыйақы алады.
ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСҚАНДА, НОРА ЖЕРУТО НЕШІНШІ ОРЫН АЛАР ЕДІ?

2022 жылы әлем чемпионатындағы көрсеткіші: 🥇8:53.02
Перут Чемутай (Уганда) — 9:01.45
Кортни Фрерикс (АҚШ) — 9:04.79
Хивин Джепкемои (Кения) — 9:05.39

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ:
1993 жыл —  жастағы Григорий Егоров (таяқпен секіру) 1995 жыл — 26 жастағы Ольга Шишигина (100 метрге кедегімен жүгіру)
2001 жыл —  32 жастағы Ольга Шишигина (100 метрге кедегімен жүгіру)
2003 жыл — 22 жастағы Дмитрий Карпов (онсайыс)
2007 жыл — 26 жастағы Дмитрий Карпов (онсайыс)
2011 жыл — 27 жастағы Ольга Рыпакова (3 қарғып секіру)
2015 жыл — 31 жастағы Ольга Рыпакова (3 қарғып секіру)
2017 жыл — 33 жастағы Ольга Рыпакова (3 қарғып секіру)
2022 жыл — 27 жастағы Нора Жеруто (3000 метрге кедергімен жүгіру)

Қанат Байұзақов

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385