Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2044 0 пікір 22 Шілде, 2022 сағат 14:19

Алматы жәрмеңкелерінде қолжетімді бағада қант сатылады

Демалыс күндері өтетін Алматыдағы жәрмеңкелерде қолжетімді бағада қант сатып алуға болады.

Әкімдіктің пилоттық акциясы 16 шілдеде Алматы қаласының Медеу ауданындағы жәрмеңкеден басталған. Қанттың келісі көтерме саудада 500 теңгеден, ал бөлшек саудада 530 теңгеден сатылды. Шамамен 10 тонна қант сатылған.

Жәрмеңкелер бүгінде қаланың алты ауданында өтуде. Сонымен қатар, Наурызбай мен Алатау аудандарында тұрғындардың сұранысы жоқтығына байланысты ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілмейтінін хабарлады ведомство.

 

Abai.kz

0 пікір