Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3690 1 пікір 23 Шілде, 2022 сағат 22:32

Шымкенттік кәсіпкер көпбалалы отбасына үй сыйлады

Шымкенттік кәсіпкер Әмір Мәуленов көпбалалы анаға Шымкент қаласынан үш бөлмелі үйдің кілтін тарту етті.

Көпбалалы отбасында жеті бала өсіп келеді, ал, анасы мен әкесі ажырасқан екен. Кәсіпкер отбасын баспанамен қамтамасыз еткенімен қоймай, шаңырақтың түтіні түзу шықсын деген ниетпен ажырасқан ата-ананы қайта табыстырып, игі іс атқарды.

Әмір Мәуленовтың досы жаңа пәтерге кілем жайып, ал, кәсіпкердің қарындасы үйді көрпе-жастықпен қамдапты.

Кәсіпкер бұған дейін «Жұртым жұтамасын» атты бағдарламада аталған отбасына баспана сыйлаймын деп уәде берген. Сол сөзінде тұрып, бүгін көпбалалы отбасының алғасына бөленді.

Кәсіпкер еліміздің басқа да қалталы азаматтары бірігіп осындай игі істі жалғастыра түссе деген тілегін айтты.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1435
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3012
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1078
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1006