Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3398 2 пікір 25 Шілде, 2022 сағат 14:08

Болат Назарбаевтың туыстары сұхбат берді

Болат Назарбаевтың жақындары Экспресс К. басылымын үйіне шақырып, Назарбаевтың денсаулық жағдайы туралы сұхбат берді.

Гүлмира Болатқызының айтуынша, әкесі 2015 жылы бүйректің созылмалы обырына шалдыққан. Израиль ауруханасында ем алып, бір бүйрегін алдырған, донор көмегіне жүгінген екен. Сол кезден бастап клиникалық өлім жағдайына түскен ол барлық бизнестен бас тартып, тек денсаулығын күтумен болған.

Қазір Болат Назарбаев сөйлей алмайды. «Оған себеп: 2021 жылдан бері көмей обырымен ауырады», - дейді Гүлмира Болатқызы.

Бүгінде дәрігерлер 69 жастағы Болат Назарбаевтың хәлі нашар деп отыр. Қатерлі көмей обырынан бөлек, 4-ші сатылы созылмалы бүйрек ауруы, қант диабеті, 3-ші сатылы жүрек қысымы (гипертензия) індеті бар. Өздігімен тамақ іше алмайды.

Басылымның жазуынша, Болат Назарбаевтың жағдайын сұрау үшін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев маусым айында туған ауылына арнайы келген.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 519
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2306
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1979
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1113