Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2433 0 пікір 26 Шілде, 2022 сағат 13:44

Қадыров Мирзиеевке сәйгүлік сыйлады

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті туған күнімен құттықтап, оған екі сәйгүлік сыйға тартты.

"Мен аттарды ерекше жақсы көрем, сіздің де жақсы көретініңізді білемін. Сондықтан шешен елінің және өзімнің атымнан сізге екі сәйгүлікті сыйға тартуды шештім. Сізге денсаулық, ұзақ өмір, Өзбекстан еліне тыныштық, тұрақтылық және өсіп-өнгенін қалаймын", – деді Кадыров Instagram'да жариялаған құттықтау видеосында. Ол Өзбекстан президентін "қонақжай, данышпан, көреген саясаткер" деп атады.

23 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин "Ресей мен Өзбекстан арасындағы достық және әріптестікті дамытудағы еңбегі үшін" Шавкат Мирзияевті Александр Невский орденімен марапаттау жөніндегі жарлыққа қол қойған.

Abai.kz

0 пікір