Жұма, 22 Қараша 2024
2089 2 пікір 27 Шілде, 2022 сағат 13:24

Ресей Украинаны "террористік мемлекет" деп жарияламақ

Ресей мемлекеттік думасына Украинаны "террористік мемлекет" деп тану жөніндегі заң жобасы келіп түсті. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі "Справедливая Россия - За правду" фракциясының жетекшісі Сергей Мироновтың сөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Бұл заң жобасын әзірлеген де осы фракция екен.

Заң жобасымен танысып шыққан РИА Новости агенттігі "терроризмді демеушілік" еткен елдерді де "террористік" деп тану жөнінде бап барын айтады. Атап айтқанда, Украинаға әскери көмек көрсеткен елдер. Мұндай елдердің тізімін жасау Ресей үкіметіне тапсырырлған.

Заң жобасына сәйкес, "террористік" деп танылған елдермен Ресей барлық дипломатиялық қарым-қатынасты үзеді. Сонымен бірге сол елдің азаматтарының дүние-мүлкі тәркіленеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320