Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі 26 шілдеде хабарлады.
Министрлік мәлімдемесінде тәліп министрінің нақты айтқан сөзі берілмеген. Муттаки Ташкентке "Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму" халықаралық конференциясына қатысу үшін келді.
Кездесу барысында Мутакки Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияның Ташкенттке өтіп жатқанын құптаған. Бұған қоса, өзбек-ауған қарым-қатынасын нығайту мен дамыту мәселелері сөз болған.
Ауған делегациясының басшысы өзбек үкіметіне Ауғанстанға гуманитарлық көмек бергеніне, сонымен бірге энергетика мен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыратынына рақмет айтқан.
Владимир Норов ауған жағын халықаралық қауымдастық талаптарын, соның ішінде түрлі топ өкілдерінен тұратын үкімет жасақтау, әйелдер мен аз ұлттар құқықтарын сақтау, қыздарға мектепте білім алуға рұқсат беру кеңестерін орындауға шақырды.
Өзбекстан - 2021 жылғы 15 тамызда Кабулды басып алған тәліптер үкіметімен байланыс орнатқан санаулы елдердің бірі. Талибан үкіметін халықаралық қауымдастық әлі күнге дейін мойындаған жоқ.
Abai.kz