Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
2813 1 пікір 28 Шілде, 2022 сағат 12:24

Өзбекстан: Соғысқа барудан сақтаныңдар!

Өзбекстан сыртқы миграция жөніндегі агенттігі өзбек еңбек мигранттарына Ресейде жұмыс таңдаған уақытта сақ болуға кеңес берді.

"Бірқатар жаңалық арналары Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарын жалақысы жоғары жұмысқа Ресейге шақырған. Мұндай жарнамалардың басты мақсаты - азаматтарды Ресей мен Украина арасындағы жанжал аумағына тарту. Сол себепті отандастарымыздан шетелге жұмысқа шақыратын ресми емес жарнамаларға сенбеуін сұраймыз", - делінген агенттік хабарламасында.

Бұған қоса, агенттік шетел аумағында қарулы жанжалдарға немесе әскери әрекеттерге материалдық табыс үшін жалданғандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті.

Бұның алдында MediaHub журналистік зерттеу орталығы өзбек және қырғыз азаматтарын Ресейдің "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясына тартып жатқаны туралы материал жариялады. Зерттеу авторларының мәліметінше, Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарына Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін 240 мың рубль айлық ұсынған.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 244
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 315
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 343
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 226