Сенбі, 23 Қараша 2024
2608 3 пікір 2 Тамыз, 2022 сағат 11:41

«Әл-Каида» басшысының көзі жойылды

АҚШ президенті Джо Байден арнайы операция барысында Ауғанстанда «Әл-Каида» басшысы Айман Завахиридің көзін жойғандарын мәлімдеді.

«Әділдік орнады, террористердің көшбасышысы енді жоқ. Біз ешқашан алған бетімізден қайтпаймыз»,-деді Байден телеүндеуінде.

Оның айтуынша, америкалық арнайы жасақ биыл Завахиридің қайда тұрып жатқанын анықтаған.

Ақ үй өкілдерінің мәліметінше, өткен жексенбіде Ауғанстан астанасында Завахири тұрып жатқан үйге соққы жасалған.

Соңғы бірнеше айда завахири Кабулдағы осы үйде тұрып жатқан. Арнайы жасақ оның балконға шыққан сәтін аңдып, соққы жасаған.

«Әл-Каида» басшысының көзін жою үшін дроннан екі Hellfire зымыраны атылған. Соққы жасау кезінде Завахиридің туыстары да, үйде болған адамдар мен айналадағы бейбіт жандардың еш қайсысы зардап шекпеген.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371