Бейсенбі, 10 Қазан 2024
3035 4 пікір 2 Тамыз, 2022 сағат 11:55

Ресейлік сарбаздар соғысудан бас тартып жатыр

Ресейлік әскерилер Украина соғысына қатысудан бас тартқаны үшін «ЛНР» түрмесіне қамалған. Олар тергеу комитетіне тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жазалауды сұрап хат жазды.

Әскери қызметкерлердің айтуынша, ЛНР-дің әр түкпірінен ұсталған140-қа жуық адам «заңсыз бас бостандығынан айырылып, қамауға алынған.

Әскерилерді темір торлы терезесі бар бөлмеде қамап ұстаған. Тіпті табиғи қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік бермегендіктен олар темір шелек пен пластик бөтелкелер пайдаланған. Тамақ бермеген, құжаттар мен заттарды алып кеткен, бөлмеде қарапайым тұрмыстық заттар болмаған.
Оған қоса, бас бостандығынан айырудың заңдылығын растайтын құжат толтырылмаған.
Олар тексеру жүргізіп, билігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі командирлерді жауапқа тартуды сұрайды, деп жазды құқық қорғаушы Павел Чиков.
Қамауда отырғандардың бірі шешесіне жазған хатында былай деген:

«Сендерді үйлеріңе жібермейміз, алдымен СИЗО, кейін Луганскіде сот өтеді»,-деген.
Бұған дейін 26 әйел баласының соғыстан бас тартқаны үшін Луганск облысында қамауға алынғаны туралы айтқан болатын.

 

Abai.kz

4 пікір