Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
3032 0 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 13:43

Нығматулиннің ұлы: «Қазфосфатқа» айыппұл салынды

Экология департаменті «Қазфосфат» зауытында өрескел заңбұзушылықты анықтап, 5 миллион теңге айыппұл салды. Зауытты Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлдары қадағалайды.

Бұған дейін Таразда «Минералды тыңайтқыштар» зауытындағы күкірт қышқылын өндіретін цехта апат болып, соның салдарынан ауаға күкірт триоксиді тараған. Экологтар ауа сынамасын зерттегенде ауаға тараған фторлы сутегінің мөлшері қалыпты деңгейден 7,5 есе артқаны анықталды.

«Тексеру барысында экологиялық заңнаманы бұзудың 5 фактісі анықталды. Экологиялық кодекстің талаптары сақталмаған. Заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кәсіпорынға салынған әкімшілік айыппұлдардың көлемі — 5 млн теңге», - делінген Экология департаменті таратқан хабарламада.

Берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша 2022 жылдың екінші жартыжылдығында кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Бұдан бұрын Экология департаменті Тараз маңындағы химия зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеген. Кейіннен компания басшылығы заңсыз пайда тапты деген күдікке ілінді. Бас прокуратура «Қазфосфатты» 697 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тапты деп айыптап, тергеу басталғанын жариялаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1196
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2722
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 847
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808