Сенбі, 23 Қараша 2024
2040 1 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 15:03

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында 25 жылдан бері еңбек дауы шешілмеген

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» Қытайлық компанияның Қазақстандағы кен орнын жалға алу мерзімі аяқталды. Компания жер қойнын бұрғылау келісімшартын тағы да 25 жылға создыруды сұрап отыр.

Қазіргі күні «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қатысты 5 келісімшарт бар екен. Оның біреуінің мерзімі биыл аяқталған.

«Былтырдан бастап компания тарапынан бұл келісімшартты 25 жылға ұзарту мәселесі көтерілді. Ұсыныстарды қарау үшін келісімшарт мерзімі тек 3 жылға созылды. Осы уақыт ішінде қосымша талаптар қарастырылады. Үш жылдың ішінде жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жалақы мәселесін көтеру талаптары қойылады», – дейді облыстық индустриялық- инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Азамат Құдайбергенов.

Мұнайшылардың айтуынша компаниядағы еңбек дауы 25 жылдан бері жалғасып келеді. Жұмысшылар жалақы аз, әлеуметтік жағдай нашар екенін айтады. Олар бір ай бұрын облыс әкімдігіне, үкімет басшысына шағымданып, арыз жазған, бірақ ешқандай жауап алмаған.

Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы 63 елде мұнай-газ өндіру жұмыстарын жүргізеді. Алпауыт компания Қазақстандағы инвестициялық қызметін 1997 жылы бастады. «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ -ның ресми сайтындағы ақпараттарға сүйенсек, ширек ғасыр ішінде Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамыту үшін 50 млрд доллардан аса инвестиция салды. Тек соңғы үш жылдың өзінде компания 7 млн тонна мұнай өндірген.

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өңірдегі мұнай өндірісінің 67, газдың 88 пайызын қамтып отыр.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364