Сенбі, 23 Қараша 2024
1361 0 пікір 8 Тамыз, 2022 сағат 14:06

АҚШ Қазақстандағы жаңа елшіні бекітті

Америка сенаты Дэниел Розенблюмді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі етіп бекітті, деп хабарлады АҚШ елшілігі. Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін Джуди Куо атқарып келген.

Розенблюм 2019 жылдан бері АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болған. Сенат Өзбекстан елшісі қызметіне Джонатан Хениктің кандидатурасын мақұлдаған.

Елші қызметіне дейін Розенблюм АҚШ мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюрода мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары болған. Оның міндетіне АҚШ саясатын басқару мен Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату кірген.

АҚШ мемлекеттік департаментіне дейін Розенблюм Еркін кәсіподақ институты бағдарламасының (FTUI) аға үйлестірушісі болған. Розенблюм FTUI-дің Мәскеу, Киев, Алматы мен Варшавадағы кеңселерінде жұмыс істеген.

Йель университетінің түлегі Джон Хопкинс атындағы халықаралық зерттеулер мектебінде советтік зерттеулер және халықаралық экономика саласында магистр дәрежесін алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396