Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
2517 1 пікір 11 Тамыз, 2022 сағат 14:42

Еуроодақ Ресей көмірін алмайтын болды

10 тамыздан бастап Еуроодақта орыс көмірін импорттауға тыйым салу жөніндегі жарлық күшіне енді. Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер мұндай шешімге сәуір айында келген. Бұл - Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы салынған санкциялардың бірі.

Бүгін Ұлыбритания да Ресей көмірінен бас тартты. Еурокомиссияның бағасы бойынша бұл санкциядан Ресей жылына 8 млрд доллар жоғалтады. Еуроодақ бұдан былай Солтүстік Америка, Колумбия, Оңтүстік Африка елдері мен Қазақстаннан көмір ала бастайды.

Еуроодақ орыс көмірін алуды тоқтатқаннан кейін, Ресей көмірін Үндістан мен Түркияға бастапқы бағасынан 50 пайыз жеңілдікпен экспорттай бастады.

Жыл соңына қарай Еуропа елдері орыс мұнайынан біртіндеп бас тартады. АҚШ болса, наурыз айынан бастап Ресейден мұнай, газ және көмір импорттауға тыйым салған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1325
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2902
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 984
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 915