Талдықорғандық әкім-қаралар таптаурын жолдан шығар емес...
Осының алдындағы жарияланымдардың бірінде Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың еліміздің оңтүстігінен көтерілген «Тәуелсіздік тойы өтпейінше облыс орталығында шыршаның орнатылмайтыны, жаңажылдық жөнді-жөнсіз безендірулер мен әшекейлеулерге жол берілмейтіні жөніндегі» орынды бастаманы қолдамағаны, орталық алаңға алып шыршаны орнатып тастағаны туралы айтылып еді. Талдықорған қаласының әкімдігі облыстық деңгейдегі көкелерінің көңілін одан ары табу үшін талпынып-ақ жатыр. Олар облысты Шалбай ағамыз басқарған жылдардан қалған жағымсыз үрдіс - Талдықорған қаласындағы ғимараттардың қас беттерін жаңажылдық безендіру конкурсының өткізілетіндігін, оған облыс әкімінің өзі қамқорлық жасайтындығын халыққа «сүйіншілеп» жеткізіп, қаладағы мекемелерді өздері отырған ғимараттарды әрлеуге мәжбүрлеп, мазаларын май ішкендей алуда.

Осылайша, Желтоқсан көтерілісін айтпағанда, Тәуелсіздік күнін атап өту туралы да әлі жақ ашпаған облыстық және қалалық әкімдік мұсылман қауымына, оның ішінде қазақ жұртына жат мерекенің мерейін тасытып, мәртебесін асыруға жанталасып кірісіп кетті. Тіпті ғимараттардың қасбеттерін безендіру конкурсында жетістікке жеткендердің қалай марапатталатындығын да өздеріне қарасты БАҚ арқылы жұртқа жалаулата жеткізуде. Оған Талдықорған қалалық әкімдігінің сайты мен газеттерде жарияланып, теларна арқылы тараталып жатқан төмендегі конкурс шарттары дәлел бола алады. Ал наурызда мұндай байқаудың өткізілгенін бұрындары көрмеппіз және алдағы кезде де үміттенбейміз.
Алмас Қылыш.
«Abai.kz»
Талдықорған қаласында жаңа жыл қарсаңында ғимараттардың қасбеттерін үздік безендіру
КОНКУРСЫ
1. Жалпы ереже
1.Талдықорган қаласындағы ғимараттардың қасбеттерін үздік безендіру конкурсы Алматы облысы әкімінің қамқорлығымен өткізіледі.
2.Осы конкурсты өткізудің мақсаты жаңа жыл қарсаңында ғимараттардың қасбеттері қаланың дизайны мен эстетикалық денгейі сәулеттік-қалақұрлысының заман талаптарына сәйкес үздік безендірілуін анықтау.
3.Конкурсқа заңды және жеке тұлғалар, шағын және орта бизнес өкілдері, облыстық және қалалық мекемелердің, жоғарғы оқу орындарының, ПИК-тердің (КСК) басшылары қатыса алады.
4.Жаңа жыл қарсаңында ғимараттардың қасбеттерін безендіру жөніндегі шаралардың орындалуын тексеру үшін конкурстық комиссияның мүшелері безендірілген ғимараттарды аралап көреді.
2.Конкурсқа қатысатын обьектілерге қойылатын талаптар
1. Конкурсқа қатысушыларда ғимараттардың қасбетін жаңажылдық безендіру үшін жасалған және бекітілген эскиздері болуы тиіс.
2. Ғимараттар қасбеттерінің көркемдік безендірілуін бағалау белгілерінің негізгі өлшемдері:
- безендірудің жаңа жылды мерекелеуге байланысты идеялық және тақырыптық бағыттылығы;
-безендіру технологиясы арқылы ғимарат сәулетінің композициялық шешімін табу;
- ғимараттардың қасбеттері мен элементтерінің сәулеттік жарықтандырылуы аумағымен үйлесімді болу керек.
3. Жаңа жыл қарсаңында ғимараттар қасбетерінің таңдаулы безендірілуі жөніндегі шараларды орындау үшін заман талабына сәйкес материалдар қолданылып, сапалы орындалуы қажет.
3. Конкурсты өткізу тәртібі
1. Конкурстық комиссия 2012 жылдың 20 желтоқсанынан бастап 25 желтоқсанға дейін композициялық ұйғарымның және ғимараттардың қасбеттерін безендірілуінің қабылданған нұсқаларының орындалу сапасын бағалау үшін түнгі уақытта, тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
2. Конкурстық комиссияның конкурстың қорытындысы туралы шешімі хаттама түрінде рәсімделіп, комиссия мүшелерінің бәрі қол қояды.
3. Конкурстық комиссия жаңа жыл қарсаңында ғимараттардың қасбеттерін үздік безендіру конкурсының қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама дайындап, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
4. Конкурстың қорытындысы бойынша конкурстық комиссияның соңғы шешімі 2012 жылғы 27 желтоқсанда қабылданады.
4. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
1. Конкурстық комисияның ұсынысы бойынша жаңа жыл қарсанында ғимараттардың қасбеттерін үздік безендіру жөніндегі таңдаулы композициялық көріністерді белгіленген тәртіппен облыс әкімі бекітеді.
2.Жаңа жыл қарсаңында ғимараттардың қасбеттерін үздік безендіру жөніндегі конкурстың жеңімпаздарына төмендегі сыйлықтар мен жүлделердің түрлері белгіленді.
- 1- ші орынға - компьютер;
- 2 -ші орынға - түрлі-түсті теледидар;
- 3 -ші орынға - түрлі - түсті теледидар;
- 15 мың теңгеден жеті ынталандыру сыйлығы.
3. Конкурстың қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Жаңа жыл қарсаңында ғимараттардың үздік безендіру конкурсына жауапты «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Байланыс тел: 27-02-29