Бейсенбі, 22 Қазан 2026
2311 2 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 14:03

Әйелдер митинг жасады, тәлібтер оқ атты

"Талибан" қозғалысының жауынгерлері "Нан, жұмыс, бостандық" деген ұранмен Кабул көшелеріне демонстрацияға шыққан әйелдерді күшпен таратты.

13 тамызда 40-қа жуық әйел құқықтары мен бостандықтары шектеліп жатқанына қарсы болып, наразылық акциясын өткізу үшін білім министрлігі алдына шыққан.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда "Талибан" әскерінің аспанға оқ атып жатқанын көруге болады. Жиналғандар қаша бастағанда, олар әйелдерді қуып жетіп, автоматтарымен ұрған.

Ауғанстандағы тәуелсіз журналистер бірлестігі акцияны түсіруге барған бір шетелдік журналистің ұсталғанын, тағы екі жергілікті журналист жарақат алғанын мәлімдеді.

Amnesty International халықаралық ұйымы тәліптер бейбіт акцияны күшпен таратқанына алаңдаушылығын жеткізді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1145
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1593