Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1602 1 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 14:10

Адвокат: "Атамбаевтың жағдайы нашар"

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күн санап нашарлап жатыр. Адвокат жақында өзінің әріптесі Сергей Слесаревпен бірге Атамбаев отырған абақтыға барып келгенін жеткізді.

"Үш күн бұрын абақты басшылығына Атамбаевты Ресейге емдеуге рұқсат беруін сұрап, өтініш түсірдім. Құжатта экс-президент Путин әкімшілігі жанындағы емханада лазерлі эндоскопиядан өтуі керек екенін жаздым. Тексеруді сол жерде өткізуі керек. Себебі 2014 және 2016 жылдары ол сол жерде ем қабылдаған. Дәрігерлер бір жылдан кейін келіп тексерілуді сұраған. Ол өте қатты жүдеп кеткен, қан қысымы 60/80-ге түсіп кеткен. Оны тез арада емдету қажет", - дейді Жоошев.

Қазір Алмазбек Атамбае Молдовановкадағы №27 абақтыда жатыр. Оның үстінен қазір бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Осыған дейін қылмыс әлемінің беделдісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты деген айыппен 11 жылға сотталған.

Abai.kz

1 пікір