Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
2387 1 пікір 16 Тамыз, 2022 сағат 12:56

Халыққа қызмет көрсету орталықтары заңсыз салық жинаған

Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі адамдарға паспорттар мен жеке куәліктер бергені үшін заңсыз салық төлеткен. Бұл туралы Antikor News телеграм арнасы хабарлады.

Салық кодексі бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік салық төлеуден босатылған.

«Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Талап етілген баждардың жалпы сомасы 1 345 000 теңгені құрады. Бұдан әрі осындай негізсіз мемлекеттік баж алуды болдырмау үшін Департамент ақпараттық жүйелерді сапалы интеграциялауды жүргізу, сондай-ақ, белгілі бір санаттағы тұлғаларға және басқа да салаларда жеңілдіктер беруге қатысты қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бақылаушы органдарды заң талаптарына мұқият қарауға және азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге шақырады”,-деп жазды Antikor.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің анықтауы бойынша, Ақмола облысында 500-ден астам мүгедек азаматтың құқығы бұзылған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1237
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2762
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 891
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837