Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1835 3 пікір 17 Тамыз, 2022 сағат 18:18

Мәжіліс депутаттары өңірлердегі сайлаушылармен кездесуін жалғастыруда

Мәжіліс депутаттары өңірлерде жұмысын жалғастырып, облыс, аудан орталықтарын аралап, еңбек ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Онда халықты әлеуметтік қолдау шараларына, мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті жерлерде жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударуда.

Бүгін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Алматы облысының Есік қаласында  «AMANAT» партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүзеге асырудың Жол картасы шеңберінде салынып жатқан 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Кездесуде Ж.Әшімжанов қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, оның ішінде депутаттардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамалары туралы айтты.

Сонымен қатар нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасы уәкілетті органдардың қатаң қадағалауында болуы тиіс екенін де атап өтті. Өз кезегінде құрылыс компаниясының өкілі Болат Ишназаров қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталғанын, абаттандыру жұмыстары біткеннен кейін тұрғын үйлер мерзімінде пайдалануға берілетінін айтты.

Жалпы Есік қаласында кезекте тұрған тұрғындарға биылғы жылдың төртінші тоқсанында 120 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534