Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
Әне, көрдің бе? 3754 15 пікір 19 Тамыз, 2022 сағат 13:06

Ресей енді Димашты қаралай бастады

Қазақтың Димаш Құдайбергені, мен ұмытпасам, ең алғаш рет орыстың «Славян базары» сыйлығын  «Берсең - қолыңнан, бермесең - жолыңнан» деп, тартып алды...

Сол кезде «Той қазына» журналын басқарған менің Мыңжан досым Димашқа орыстардың біраз қысастық жасағанын айтып еді... Содан кейін Димаш Күншығыс елі - Қытайды бағындырды. «Қытайға танылу деген - дүниенің төрт бұрышы білу» деген сөз.

Сосын, сол кездегі орыстарды қазақ елшісі Иманғали Тасмағамбетов ағамыз Димаш інісі мен орыс композиторы Игорь Крутой­дың ынтымақтастығына ықпал еткен сияқты. Несі бар, өнер адамдарының арасындағы ынтымақтастық - композитордың ән жазуы мен әншінің әнді орындауы кез келген елдегі қалыпты, табиғи дүние.

Бірақ, озбыр орыс - ешқашан өзінің сасып-бүксуін қоймайды. Міне, тағы да орыс әртістері Димаш Құдайбергенді «сатқын» деп айыптауға тырысып, сандалып жатқан көрінеді...

Бұл – қазақтың мықтылығын, Димаштың талантын көреалмаушылық.

Әйтпесе, Димашқа барлық зәулім сахналары мен телеарналарын беріп, әлемге танылуына бірден-бір еңбегі сіңген Қытай жұрты «ләм-мим» деп, бір ауыз артық сөз айтқан емес! Міне, Шығыстың даналығы! Өйткені, Димаштың танылуына бірінші себеп – өзінің табиғи зор таланты! Көреген Конфуцийдің көргенді елі - мұны терең түсінеді...

Ал, ресейлік БАҚ-тың «ресейлік жұлдыздар Димаш Құдайбергеннен бас тартты» деп мәлімдеуі - көргенсіздіктің көрінісі ғана. Көргенсіздердің қатарында Филипп Киркоров, Николай Басков, Лариса Долина, Стас Пиеха, Юлия Савичева, Полина Гагарина, Доминик Джокер және т.б. бар екен.

Меніңше, Игорь Крутой - Димашты сүйреген жоқ, керісінше, жасы кәрілікке жақындап, сахнадан алыстап бара жатқан Крутойды Димаш алға тартып, тірілтті. Демек, Димаш - Крутойға емес, керісінше, Крутой Димашқа алғысын айтуы керек.

Димаштың Крутоймен қарым-қатынасының бұзылуы туралы қауесеттер шығысымен, Ди­маш­қа табынып, мақтауға сөз таппай жүрген ор­ыстың белгілі әншілерінің - 180 градусқа өз­геріп шыға келуі - олардың надандықтары мен сатқындықтарының ғана дәлелі бола ала­ды. Тіпті, «Келесі концерттік турына Димаш - Ресейдің бірде бір қаласын қоспады. Ол «арнайы әскери операция» (Украиндағы соғыс) туралы ешқандай пікір білдірмеді. Бірақ, бұл - русофобия (орыстарды жек көрушілік) болып саналады» деген продюсер Дмитрий Ашуров сөзі - қазіргі орыс әншілердің бәрі - жауыз Путлердің табанының астында жатқанын көрсетеді.

Ал, аса талантты қазақ бұлбұлы Димаш Құ­дай­берген - бейбітшілік әншісі, бақыттың жаршысы. Мен Димашқа келесі концерттік турын «РЕСЕЙСІЗ - РЕСПЕКТ!» («Respect - without Russia!») деп атауға ұсыныс жасаймын.

Қажымұқан Ғабдолла

Abai.kz

15 пікір