Жұма, 23 Қазан 2026
3202 4 пікір 19 Тамыз, 2022 сағат 13:27

"Шаңырақ ісі" бойынша сотталған азамат бостандыққа шықты

Шаңырақ оқиғасына байланысты 20 жылға сотталған Құрманғазы Өтегенов бостандыққа шықты.

Өтегенов 2006 жылғы оқиғалардан кейін, әуелі 16 жылға сотталды. 2013 жылы оған "түрме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау" деген айып тағылып қамау мерзімі  тағы екі жарым жылға созылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылғы 14 шілдеде Шаңырақ ауылы тұрғындары мен полиция арасында қақтығыс болды. Алматы полициясы арнайы жасақпен бірге жиналған қауымды таратпақ болғанда, полиция қызметкерлерінің бірі Әсет Бейсенов тірідей өртеніп кетті.

Өтегеновтен басқа "Шаңырақ ісі" бойынша белгілі диссидент ақын, саяси белсенді Арон Атабек сотталып, 2021 жылдың күзінде бостандыққа шыққан болатын. Өкінішке орай, белсендінің денсаулығы нашарлап, 24 қарашада 69 жасында қайтыс болды.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1175
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1631