Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3051 0 пікір 18 Желтоқсан, 2012 сағат 09:19

Әбдіуақап Қара. Ыстамбұлда тіл және мәдениет орталығы ашылды

Орталықтың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Түркиялық жастардың ана тілдерін білуі тек ұлттық ерекшеліктерін сақтауына ғана емес, сонымен қатар олардың жұмыссыз қалмауларына да септігін тигізетінін баса көрсетті. Түймебаевтың айтуынша, күні бүгінге дейін қазақ тілінен түрік тіліне, түрік тілінен қазақ тіліне мықты ілеспе аудармашылар жоқ болып отыр. Сондықтан Түркиялық жастардың осы екі тілді еркін меңгерулері олардың министрліктерде және ірі саудалық компанияларда жұмыс табуына қолайлық туғызады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тұғырлы тіл саясаты негізінде Қазақстанда жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп жатқанын атап өткен Елші Түркиялық жастардың да қазақ, түрік және ағылшын тілдерін үйренулеріне әбден болатынын айтты.

14 қараша күні Ыстамбұлдың Зейтінбұрын ауданындағы Қазақ қорында 3-5 жас аралығында балаларға тіл және қазақ салт-дәстүрлерін үйрететін орталық ашылды. Орталықта жыл сайын 40-50 бала сағат 09.00-17.00 арасында тәлім тәрбие алатын болады.

Қор төрағасы Әбдіуақап Қылыш ана тілді қаршадайынан балаларға үйретудің маңыздылығын ескере отырып, осы орталықты ашқандарын атап өтті. Сонымен қатар балалар ересек жасқа келген уақытта қазақ тіліне көніл бөлмеуде, көніл бөлсе, оқудан немесе жұмыстан қолдары босамауда.

Сондықтан тіл мен салт дәстүрді үйренуге ең тиімді шақ осы 3-5 жас аралығы. Және балалардың осы мезгілде осы орталықта болулары жұмыстағы ана-аталарға да тиімді болмақ. Қор төрағасы сонымен қатар, осы орталықтың ашылуына қолдау көрсетіп, тұсауын қиған Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаевқа, осы орталықтың жетекші қызметкерлері және мұғалімдері Құралай Гезер мен Айнагүл Кесижиге алғысын айтты.

Көптеген ата-аналар қатысқан тұсаукесер рәсімінен кейін Елші Жансейіт мырза Қазақстаннан келген қуыршақтар мен кітаптарды орталыққа сыйлады. Осы жиында бүлдіршіндер тақпақ айттты, қазақ билерін биледі.

Әбдіуақап Қара - Ыстамбұл

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419