Көгедай Шәмерханұлы. Жаңа жыл жаңсақ мереке
Желтоқсан біз үшін екі мерекемен қадірлі, бірі күнделікке қызыл әріппен белгіленген Елбасы күні болса, екіншісі - 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні. Бұл екеуі ұлтымыздың төл мерекесі. Өкініштісі, Желтоқсан айы бастала салысымен қала ішін Жаңа жылдық безендіру басталады. Өзіміз де Жаңа жылды қарсы алу әбігеріне түсе бастаймыз...
Сақтардан сақталып келе жатқан салтымызды, жатқа бодан болған кезде, зомегерлер (билеп-төстеушілер) етек-жеңін кесіп тастағаны бар-тын. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде, орайын тауып, құлшылғын жасап, той-жоралғысын өтеп, мерекесін атап та үлгеріп отырғаны айдан-анық ақиқат. Ұлтсыздандырудың уыты әуелі басқа, адал асқада тараған еді. Соның салдарынан сансырап, санамызда салтымызға салқындықта болмай қалмады. Ұлт мүддесі үшін оянып, халқының қамын ойлаған, озық ойлы азаматтардың жолын кесіп, ұраға жықты.

Жаттың мерекесін ұлықтап, тойларды тойлау осы ұлтсыздандыру кезеңінде барлыққа келген болатын. Соның бірі - жаңа жыл. Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты? Кімдер тойлаған еді және жаңа жылдың астарында не бар? Басын ашып айтар болсақ, Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жыл тойлап, шырша тігіп жаңа жыл тойлауға тиым салынып, 1937 жылы Сталиннің бұйрығымен 1- қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат етіліпті. Бұл мерекені тойлаудың тарихына үңілсек, ІY-ғасырда христиан дінін ұстанушы Византияның императоры Константиннің түсінігі бойынша, 25-желтоқсан Исаның туған күні деп, жариялап тойлау дәстүрге айналған. Қалаберді көпқұдайшыл Римдіктердің сенімі бойынша, егер адам өз үйіне үнемі жасыл болып өсетін, ағаштың бір түрін тігіп қойса, онда оның үйінен көктем үзілмейді-мыс. Сондықтан, олар сол ағашты өз үйлеріне әр қыс келген сайын тігіп қоятын болған. Бүгінгі таңда азаттық алып, ақ-қараны таныған кезімізде де, ескі дерттің әдетінен шыға алмай жүргеніміз ойлантады...
Ұлтымыз үшін жаңа жыл, жыл басы - Наурыз. Бұл тұтас түркі еліне ортақ мейрам. Астарында ешқандай бұрыстық жоқ. Наурызда күн мен түн теңеліп, жер беті жылулыққа бөленіп, адамдар жайдарман күй кешеді. Халқымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,-деген ұлағатты сөзді ұстанғандықтан дәл осы наурызда ағаш отырғызады. Және түрлі мерекелік оындарымызда бар, ырыс таңын қарсы алуға арналған «Ұйқы ашар», «Селтеткізер» секілді дәріптер. Наурызда алыс-жақын, туыс-туған қосылып қауышып амандасып, наурызкөже ішіп, қымыз-шұбат ішеді. «Қырықтың бірі Қыдыр» деген халқымыздың қонақжайлылғынан болса керек. Ал жаңа жылда «Аяз ата келеді», - деудің қаншалықты маңызы бар?!
«Abai.kz»