Сенбі, 23 Қараша 2024
Әліпби 2970 16 пікір 6 Қыркүйек, 2022 сағат 11:56

Орыстілді қазақтар да латынға көшуі керек!

Қазір ұлтымыз тіл жағынан екіге жарылып отыр. Тілі орысша шыққан еш қазақты зорлап қазақ тілін үйрен дей де алмаймыз. Бірақ жаңа жазуға көшер кезде ұлтымыздың әріптік қаққа жарылуына жол бермеуіміз керек.

Өйткені орыс сыныптарының 80 пайызын өздеріміздің қаракөздеріміз толтырып отыр. Бұл орыстілінде білім алып жатқан 30 пайыз шәкірттердің 20-25 пайызы деген сөз. Қалған 10-5 пайыз өзге ұлт орыс жазуымен оқитын мектептерді өмірге әкелсек, Ресей аюының аузы жабылады. Орысша оқығысы келетін қандастарымызға дәл қазіргідей атойлап қарсы шықпай,  қазақ латын жазуымен орысша-қазақша білім алатын жаңа қадам жасалуға тиіс.

Балаларын не немере-шөберелерін орыс мектебіне бергіш ағайынның да, оған қарсы шығушылардың да арасында ортақ түсіністікті орнықтыру үшін қазақтар оқитын жаңа тұрпаттағы аралас білім беретін орыс мектебі ашылуға тиіс.

Этникалық орыс болып табылмайтын қазақ шәкірттеріне білім беруде Яковлев әліпбиіне негізделген орыс латын жазуын өзіндік ерекшелігі бар ю я щ й ё ъ ь ч э х ц әріптері бойынша және ф в қамтылған оқу бағдарламасы жасалып, 70-30 не 50-50 не 30-70 пайыз сабақтар орыс және қазақ тілінде жарыса оқытатын аралас мектептерді қалыптастырмасақ, өзара тілдік бөлшектенген қазақ қазақтың қас жауына айналып шыға келеді.

Орыс тілді қазақтарды латын жазуымен орысша оқытуымызға ешкім тосқауыл бола алмайды. Ел ертеңі үшін, қазақ арасындағы алауыздықты жою үшін билік тарапынан қос тарапқа арналған Тіл реформасы қолға алынатын батыл қадам керек.

Билік жағы да, сайлауға түскелі жатқан президенттіктен үміткер саяси тұлғалар да,  парламенттегі орыннан үміткер партиялар да, қазіргі мәжілісте отырған депутаттар да осы мәселені дұрыс шешіп, орыстілді қазақтарға арналған жаңа жазуды құптайтын концепцияларын ұсынып әм өз ой-пікірлерін алға тартады деп ойлаймыз.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387