Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3652 0 пікір 4 Қаңтар, 2013 сағат 11:20

Үндеу: Қытай қаптамасын десек, олардың келуі мен орнығуына кедергі жасалуы тиіс!

Қытайдың алып адымы Қазақстанға аттағалы да көп болды. Қытай экономикасында, рухани, тұрмыс саласында қиындықтардың туындауына байланысты Қытай халқының да дүние танымы өзгере бастады.

1.    Қытайдың үй-құрылыс саласындағы компаниялардың жұмысы түгелге дерлік тоқтады. Осыған байланысты 2009 жылдан бастап Қытай үкіметі Қытайлық компаниялар шетелге қаржы салып, елден тысқары компания атанса, салықтан босататынын жарялаған болатын.  Міне, осыған бел шеше кіріскен Қытайлар Африканың құрылыс саласы мен кен өндіру саласына ақшаларын да адам күштерін де аямауда. Қазақстанда бұл жағынан Қытайға жағымды жұмыстар жасауда.

2.    Оңтүстік Қытайда мыңдаған компаниялар жабылуда. Бұл бір жағынан көрші елдермен болған байланыстарының әсері болу мүмкін. Себебі, Қытай көрші елдерімен шекаралық қақтысқа дейін барып отыр.

3.    Қытайдағы тұрмыс өресі қанша көтерілгенмен соған сай құрбандық беруге тура келуде.

4.    Зат бағасы шексіз өсуде.

5.    Тұрғылықты жері жоқ, жан-жаққа ағылған халық қарасы көбейіп, қылмыс қатты өршуде.

6.    Бала ұрлығы өршіп, адамдардың үрейін ұшыруда.

7.    Адам етін жейтіндер мен адам тәнін сататын топтар пайда болып халықтың зәресін алуда.

8.    Билік басында атақ пен ақшаға құныққан мафия пайда болып, халық тұрмысы нашарлауда.

9.    Қараусыз қарттар көбейген. Жан бағу үшін рухани құндылықтан бас тартқан қытайлар қаптауда.

Осы себептерден Қытайлар  шетелге ағылуда.  Ақша табу мен шетелге қоныс аудару әр қытайдың арманына айналуда. Себебі қазірге дейін 40 миллионға таяу қытайлар шетелде тұрады. Міне, осылардың өмірі мен тұрмысын көрген қытайлар өз қақтарынан жеруде.

Қытайлар үшін шетелге барып тұрып қалу - ең ұлы мұрат. Ол үшін кез-келген бодау (пара) беруден тайынбайды.  Осыған байланысты 2009 жылдан бастап Европа елдері, Канада, Шығыс Оңтүстік Азия елдері ресми түрде Қытай азаматтарының тұрғылықты қалуына түрлі дәрежеде шектеу қойды.

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Қытай мен Қазақстан арасында жаңа темір жол желісі іске қосылды. Енді қара нөпір Қытайлар онан әрмен қаптауы мүмкін. Осыған байланысты ұлтымыз бен ұрпағымыздың болашағы үшін Үкіметтен, түрлі саладағы Қазақстан азаматтарынан Қытай азаматтарының Қазақстан азаматтарына үйленуіне, тұрып қалуына, оқуына, жұмыс жасауына барынша кедергі жасауға үндеймін!

Тағы бір айта кетерлігі, Қытай инвестициясын тартуға, пайдалануға қарсы емеспін. Барынша ұтымды пайдаланып, Орыс пен Европа елдеріне өтетін көпір ретінде мүмкіндікті пайдаланған дұрыс. Деседе Қытайға қарсы иммунитетті барынша күшейткен абзал. Мүмкін болса, Қытай компанияларындағы заңды-заңсыз жүрген қытайларға талапты қиындатып, өз еліміз азаматтарымен ғана жұмыс жасауға итермелеп, тіпті міндеттеу керек.

Әр қазақ - әр қазақтың болшағына жауапкер, ағайын!

Бейсен Ахметұлы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371