Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1232 0 пікір 8 Тамыз, 2022 сағат 12:07

Құсман Шалабаев: Президентіміз тілді реформалау керек деп отыр

Қазақстандағы тілдік реформа еліміздің саяси тәуелсіздікке ие болуымен тікелей байланысты. Егемендігін паш еткен посткеңестік мемлекеттердің барлығында да саяси, экономикалық реформалар жүргізілді. Ол түсінікті де. Ал тілге келсек, мұндай реформалар әліпби ауыстырумен байланысты болды. Осы бағытта Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы қоғаммен берік байланыста жұмыс істеп жатыр.

Мемлеке басшысы мұрындық  болған Жаңа Қазақстанды құруда тілді сақтау тіпті бөлек мәселе. Бұл ретте тіл реформасы жасалуы керек. Президенттің бұл сөздерін қолдаған алматылық қоғам қайраткерлері бұл іске жастарды тарту қажеттігін алға тартады.

Осы ретте бірқатар қоғам белсенділері және дін өкілі Президенттің сұхбатында айтылған мәселелерді қолдап, алдымен ел болып ауызбіршілікті сақтауымыз маңызды деген пікір білдірді.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, қалалық халықаралық қазақ тілі қоғамының төрағасы Құсман Шалабаев

«Президентіміз тілді реформалау керек деп отыр. Тілі мен діні кетсе мемлекет құриды деген сөз бар. Сондықтан біз қазір тілге өте қатты көңіл бөлуіміз керек. Жастарды көп тартуымыз қажет, қазір осы жағында көп жұмыс істеп жатырмыз», - дейді.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан:

«Президент Жаңа Қазақстан құрамыз деп жатыр. Осы жерде назар аударсақ, «құрамын» деген жоқ, «құрамыз» деді. Әрбір саланың өкілі осы бағытта, Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда өзінің үлесін қосуы керек. Дін бағытында да мүфтият өзінің құрамымен осы елдің ішіндегі тұрақтылықты, тыныштық сақтаудағы өзінің титтей де үлесін қосу үшін қамданып жатыр», - деді.

Қаңтар оқиғасы тәуелсіздікке тат түсірмеуді, еркіндіктің қаншалықты қастерлі екенін ұқтырды. Осы ретте Тәуелсіздіктің символы болған Алматыны ретке келтіруге арнайы тапсырма берілген еді.

Президент сұхбатында егемен елді «дербестігін жалаң сөзбен немесе ұранмен емес, нақты іспен дәлелдейтін ел» деп сипаттады. Ал нақты іспен дәлелдеуде білікті маман, білімді қоғам қажеттігі белгілі. Сондықтан да сапалы адам, адам капиталы сияқты мәселелер өзекті.

Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхамед Махамбет:

«Алматы қаласы мемлекетіміздің айнасы болғандықтан, оның келбетін бұрынғы қалпына келтіруге барлық адам жұмыла кірісуі керек. Әркім өз саласы арқылы өз үлесін қосуы керек. Өйткені «Отанды сүю - иманнан» деген қанатты сөз бар. Әр адам өзінің отанын, тұратын қаласын сүюі керек. Сол жердің тазалығы, ауызбіршілігі, тыныштығы үшін әркім өз үлесін қосуы керек», - деді.

Жаңа Қазақстанды құруда тілді сақтау тіпті бөлек мәселе. Бұл ретте тіл реформасы жасалуы керек. Өте нәзік дүниеге байыппен, саралай қараған жөн деді мемлекет басшысы.

Айтылып жатқан мәселе, қайта қаралар құндылықтар, жаңа міндеттер көп. Үдере көшіп, даурыққаннан білекті сыбанып, біріге іске кірісу артық болып тұр қазір. Президент айтқандай «Қазақстанның болашағы сол кезде жарқын болатыны сөзсіз».

Тілді жаңғырту кезінде тікелей лингвистикалық мәселелермен бірге көптеген ұйымдастырушылық шаралары да жүзеге асырылмақ. Олардың ішінде тіл үйрету әдістемесінің ортақ жүйесін қалыптастыруға байланысты міндетті айтуға тиіспіз. Яғни еліміз бойынша балабақшадан бастап мемлекеттік қызметкерге, жалпы, ересек тұрғындарға дейін мемлекеттік тілді игертудің жүйесі жасалмақ. Бұл тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге үлкен серпін бермек.

Бұл орайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қаласындағы төрағасы Құсман Шалабаевтың: «Қазақстанда тұрып, қазақ тілінде қате жіберуіміз ұят!» дегеніне қосыламыз.

Abai.kz

0 пікір