Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2744 0 пікір 14 Қаңтар, 2013 сағат 08:54

ҚМДБ: Сәләфи бағыттағы 27 адам өз райынан қайтты

Мүфтиятта қалыптасқан дәстүр бар: діни басқарманың аймақтағы өкіл имамдары жылдық жұмыстары жайында есеп береді һәм жоспарларымен таныстырады. Тапсырманы дер кезінде орындамаған дін қызметкеріне қатаң ескерту жасалады, тіпті, сөгіс те беріледі. Қажет болса тиісті шаралар қолданылады. Мұндағы мақсат - біреудің айыбын яки кемшілігін ашу емес, дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау, т.б. Облысқа, өңірге, қалаға жауапты дін қызметкерлерінің осы бір алқалы жиында өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін тағы да сезініп шығатыны сондықтан.

Бүгін бас имамдардың басқосуында сөз бастаған Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, діни қызметтің міндеті мен жауапкершілігіне тоқталды.

«Дінге қызмет - Алла мен адамдар алдындағы сауапты да жауапты һәм абыройлы жұмыс. Халқымыздың діни сауатын ашып, оларды ізгілікті істерге бастау - сіз бен бізге жүктелген зор міндет. Біз осыны сезіне білуіміз керек. Қой терісін жамылған діни ағымдардың жымысқы іс-әрекетін тоқтату, ағартушылық бағытта тынбай тірлік ету, мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында ел бірлігі, халық ынтымағы, иман байлығы жайлы уағыз-насихаттарымызды күшейтуіміз керек. Сонда ғана кейбір діни ағымның жетегінде кеткен жастарымыз теріс пиғылды паш етіп жүрген секталардан секем алып, бабаларымыздан жеткен дәстүрлі дініміз - Исламмен қауышады. Міне, біз осы бағыттағы жүйелі жұмысымызды жалғастырып, адамдардың жүрегіне жол тауып, ізгіліктің, иманның, Исламның, даналық жолдың дәнін себе беруіміз керек. Халықты діни сауаттандырмайынша, бүгінде бой көрсетіп жатқан дін саласындағы кейбір мәселелердің күрмеуін шешіп, түйінін тарқатам деу - әбестік.

«Биыл еліміз үшін жақсы жыл болды. Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап берді. Онда дін саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылған. Діни басқарма осы бағыт бойынша жұмыс жасап келеді. Бұл игі-дәстүр бұдан былай да жалғаса бермек», - деді Дінбасы кезекті төралқа отырысында.

Есеп беру жиынында сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жақсарту, ҚМДБ уағыз-насихат тобын бекіту, интернет жүйесін жетілдіріп, пайдалану, діни басқарма тапсырмаларының орындалуы, Зекет қоры туралы, қажылық, медреселерге оқулық жазу, имамдардың киім мәдениеті, оларға семинарлар ұйымдастыру, азаншы мәселесі, басқару-бақылау, оқу-ағарту, уағыз-насихат жұмыстары, діни рәсімдердің жағдайы, құрылыс, шаруашылық жұмыстары, мешіттерге ат беру мәселесі қаралып, пысықталды. Тиісті тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды тыңғылықты орындаған өкіл имамдарға арнайы алғыс хат беру туралы шешім қабылданды. Мақсат - имамның жігерін ояту, жұмысқа деген талпынысын арттыру.

ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкіл имамы Амантай Сәдиев сәләфи бағыттағы 27 адамның өз райынан қайтқанын, оны имамға арнайы мәлімдегенін жеткізді. Теріс ағымның ықпалында жүрген жастар бұдан былай ханафи мәзхабын ұстанатынын айтып, имамға мойсұнатынын білдірген. Мұндай жағымды жаңалықтар Ақтөбе облысында да бар. Қателігін мойындап, имамнан кешіріп сұрап келгендер көп екен. Бас мүфти мұндай мәселелерді сатылап шешуді тапсырды.

Есеп беру отырысы екі күнге созылмақ.

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395