Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық 2989 0 пікір 20 Қыркүйек, 2022 сағат 14:30

ОА-дағы зейнетақы мөлшері ең төмен ел – Тәжікстан

Түркменстанда 2022 жылғы есеп бойынша 524,3 мың зейнеткер бар екен, олардың зейнетақысы 703,1 манатқа тең. Бұл қазіргі АҚШ  доллоры курсымен санағанда 37 доллорды құрайды. 2018 жылғы жағдаймен салыстырғанда зейнеткерлер саны да, зейнетақы көлемі де сәл артқан.

Бұл туралы мәлімет шілде айында Түркменстан БҰҰ-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияны жою комитетінің» алтыншы мерзімді баяндамадасында берілген.

Мысалы Түркменстанда төрт жыл бұрын 457,4 мың зейнеткер бар еді және олар орташа есеппен ай сайын орта есеппен 477,1 манат, сол кездегі бағам бойынша 34 доллар алатын. Түркменстанда зейнет жасындағы әйелдер ерлерге қарағанда 62,3% - ға көп. Соған қарамастан әйелдер зейнетақысының орташа мөлшері аз: 599,3 манат, яғни 31,5 долларға тең.

Түркменстандағы жалақының орташа деңгейі – 2 мың манат, бірақ табыс өмір сүруге жетпейтін болғандықтан, халық азық-түлікті үнемдеп алуға мәжбүр. Жергілікті азаматтардың айтуынша, ай сайын 3-4 мың манат табыс табатын адам ғана тұрмыстың тапшылығанан азды-көпті арыла алады. Ал, зейнеткерлер алатын 703 манатқа өмір сүру мүмкін емес.

Өзбекстандағы 2022 жылғы ең төменгі зейнетақы мөлшері 633 мың сумға тең, бұл 58 АҚШ долларын құрайды. Яғни, доллармен есептегенде Өзбекстандағы ең төменгі зейнетақы түркмен қарттарының орташа зейнетақысынан әлдеқайда көп. Өзбекстандағы орташа зейнетақы мөлшері 700-800 мың сумға, 64-73 долларға, тең.

Ал, Қазақстандағы жағдай бұдан әлдеқайда тәуір. Елімізде зейнеткерлер орта есеппен 105 мың теңге алады, яғни 221 АҚШ долларына тең. Ал ең төменгі зейнетақы 48 мың теңгені, 101 АҚШ долларын құрайды.

Қырғызстандағы зейнетақының орташа мөлшері – 6300 сом, 78 АҚШ доллары, түркмендердің зейнетақысынан артық. Қызғыз еліндегі зейнетақы – 1500 сом, 18,5 АҚШ долларына тең екен.

Тәжікстандағы жағдай Түркменстаннан да төмен. Мұндағы 2022 жылғы орташа зейнетақы мөлшері – 320 сомониғ яғни 31 долларды құраған. Тәжікстан қариялары түркменстандықтардан орташа есеппен 6 долларға аз алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553