Қазақстандықтардың жалақысы күнкөріс қажетін көтере ала ма?
Марат СӘРСЕНБАЕВ, заңгер-ғалым:
- Қазіргі кезде жалақыны, зейнетақының мөлшерін көтерген дұрыс болар еді. Өйткені баға өсіп барады. Азық-түлік, қуат көздері, коммуналдық қызмет, тағы басқалардың барлығы бағаны көтеріп жатыр. Осыған орай бүкіл Қазақстан азаматтарының жалақысын өсірген дұрыс. Жұмыс істейтіндердің жалақылары онсыз да толықтай жетіп, қажеттіліктерін өтеп жатқан жоқ. Сондықтан орташа айлық жалақыны жұмыс істейтіндерге кемінде 15 пайызға көтеру керек деп ойлаймын. Мен өзім зейнеткермін. Жақында зейнетақыны 9-10 пайызға өсірді, бірақ жаппай қымбаттауға байланысты тағы да көтеру керек. Сонда халықтың әлеуеті жақсарып кетпегенмен, қымбатшылыққа төтеп бере алады.

Ғалым БАЙНАЗАРОВ, экономист-сарапшы:
- Біріншіден, Статистика агенттігі мәлімдегендей, инфляция бізде 6 пайыз емес, біздің есебіміз бойынша 20 пайыздың үстінде. Тұрғын үй шаруашылығы, көлік, қуат көздеріне төленетін баға көп өсіп кетті. Алдағы уақытта инфляцияның қандай болатынын кім біледі?! Жалақының орташа деңгейі халықтың бәріне бірдей емес. Бюджеттегілердің жалақысы статистика берген мәліметке сай емес, олар кедей өмір сүруде. Сондықтан олардың жағдайы жалақыны өсіргеннен қатты өзгеріп кетпейді. Зейнетақы мен төлемақылар өте төмен деңгейде. 2013 жылы ең төменгі күнкөріс минимумы 17-18 мың деп көрсетілген, іс жүзінде тұтыну себетінің деңгейі 2-2,5 есе көп болуы тиіс. Сондықтан тұтыну минимумын міндетті төлемдерді есепке ала отырып, 2-2,5 есеге қайта есептеп шығару керек. Біздегі жұмыс күшін пайдалану АҚШ-қа қарағанда екі есе көп, бәрін салыстырмалы түрде есептеген жөн. Іс жүзіндегі айлық жалақы қорын 2 есеге өсірсе дұрыс болады. Сонда жалданып жұмыс істейтін жұмысшылардың 70 пайызы жағдайларын жақсартады. Мұның инфляцияға ешқандай қатысы жоқ. Өйткені олар Қазақстанда өндірілетін өнімдерді тұтынады.
Қанат БЕРЕНТАЕВ, қаржыгер ғалым:
- Ресми статистикаға сүйенсек, былтырғы жылы орташа жалақы 99,280 теңгені (665,82 АҚШ доллары) құрады. Бұл - үлкен дүние. Бірақ Астана, Алматы қалалары мен жергілікті жерлердегі айлық жалақылар әртүрлі. Мұнайлы өлкелерде тіпті жоғары. Бұдан жеті жыл бұрын орташа жалақының көлемі 34 мың теңге (256 доллар) болды. Соған қарағанда, елімізде орташа жалақының өсу динамикасы жаман емес. Биылғы инфляцияның деңгейі өткен жылдардан төмен - 0,6 пайыз. Былайша алғанда жалақының өсуі, жақсы деп айтпағанмен, инфляциядан қалыс қалған жоқ. Жылда осылай болып жатса, жаман деп айта алмаймыз. Осындай инфляцияның аз кезінде жалақыны да, зейнетақыны да өсіруге болады. Еңбекақы мен зейнетақыны өсірсек, ол инфляцияны көтереді деген сөз емес, көтере алмайды. Дәл қазіргі жағдайда жұмысшылардың айлық жалақыларын да, зейнетақыны да өсіруге қолайлы жағдай туып тұр.
Сауалнаманы дайындаған Қайыржан ТӨРЕЖАН
"Айқын" газеті