Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 3453 2 пікір 3 Қазан, 2022 сағат 11:54

Қазаққа қарсылар тайраңдай бере ме?

Қазір тек көкірегі соқыр адам ғана «Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыс бар» деген өңі айналған «Кеңестік мифкке» сенеді. Қазақстанда тек нәсіл мен дінге, ұлт пен ділге бөлінбейтін бір тілді, қос тілді және үш тілді әлуметтік топ қана бар.

Ұйғыр, тәжік және өзбек ағайындар ғана өздерін соңғы үш тілді әлеуметтік топқа жатқызады. Қазақтан өзге қалған ұлт пен ұлыстар ғана бір тілді, яғни, орыс тілді қазақстандықтарды құрайды. Сонда күнделікті өмірде орыс тілін қолданбай қазақпен қазақша сөйлесетін ұйғыр, тәжік және өзбек ағайындар ақымақ па? Әлде ана тілінен өзге орыс тілін де білетін қазақтар жүзқара ма?

Ел ішінде Украинадағы қанды қасаптан кейін бір тілді әлеуметтік топ қаққа жарылып, біржолата қазақ және орыс болып бүліне бастаған факторды жоғарыда отырғандар неге көргісі келмейді? Қазақ өз тілінде жөн сұраса ұлтшыл, «нацик», Украинадағы жағдайды туындатушы арандатушы. Ал, осы орыс тілді әлеуметтік топ Ресейлік үгіттен туындаған «РФ Украинамен емес, НАТО-мен соғысып жатыр» деген ертегіге малданып, «мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткендерді» «нацик, казахофашист» деп ағаш атқа мінігізе бастады.

Ресми тілді әлеуметтік топ «Орыс әлемінен» елімізге ағылған Ресейліктерді  арқа тұтып, Қазақстанда жұрт бір-бірімен түсінісетін тіл - «орыс тілі» деп, ақпараттық майданды бастап кетті. Ресей барлауы енді еліміздегі орыс тілділер арасынан мұсылман түркілерді Алласын ауызға алғызып, ақпараттық диверсияға кеңінен тарта бастағаны жасырын емес. Қазақ ана тілінде өзге ұлтпен сөйлессе ол қылмыс екен. Жұрттың бәрі өзара тек орыс тілінде қарым-қатынас жасамаса, тура Украинадағыдай жағдай орын алады-мыс. Қазақ жеріне НАТО туын тігеді-міс деген жел сөз гулеуде. Бұл ертегіге сенетін орыс тілді отандастарымыз жетіп артылады.

Сонда қазақ өз елінде, өз жерінде қазақша сөйлемесе қай жерде сөйлеуі керек деген заңды сауал туындайды. Біз төменде тик-токта aneva77767 деп тіркелген Түркіменстандық өзбектің қазақ пен украин ұлтына қаны қас жанның аудиожазбасының бірін Abai.kz оқырмандары назарына ұсынып отырмыз.

Ойланайық, ағайын! Суыңды ішіп құдығыңа түкірушілер орыс тілділер арасында толып жатыр. Ресми тіл мемлекеттік тілдің мысын басып, Ата Заңымызда қала берсе, еларасы мүлдем бүлінетінін естен шығармайық!

Қазақстандағы тұрақтылықты өзгелермен әзірше орысша сөйлесетін қазақтар ғана сақтап отыр. Олардың ендігі жерде өзгелермен тек ана тілінде ғана қарым-қатынас жасағасы келетініне ешкім тосқауыл бола алмайды. Билік осыны ұғынса, көп нәрсенің алдын аламыз. Тілдік Тәуелсіздік алмай, біз ел болмаймыз!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371