Сенбі, 23 Қараша 2024
1504 4 пікір 4 Қазан, 2022 сағат 12:44

Мусин: 70 мың Ресейлік ЖСН алды

Кейінгі екі аптада Қазақстанға 200 мың ресейлік келген. 

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанда 70 мыңға жуық ресейлікке жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

"21 қыркүйектен бері бері шамамен 70 мың ресейлік ЖСН алды", - деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады. Содан кейін ресейліктер Қазақстан, Грузия мен Арменияға ағыла бастады.

Бұған дейін биыл Ресей Федерациясының 382 азаматы біздің елде тұрақты тұру үшін және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырғаны хабарланды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373