Сенбі, 23 Қараша 2024
4097 8 пікір 9 Қазан, 2022 сағат 19:44

Тәуелсіздігіміз – біздің бойтұмарымыз

Қазіргі кезеңдегі тәуелсіз әрі жаңа Қазақстанның, әділетті Қазақстанның негізгі тірегі – адам капиталы, яғни халық. Сондықтан Президенттің мәлімдемесін басшылыққа ала отырып, жақында өткен Елордадағы съезде коалицианың атынан Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды.

Меніңше, бұл дұрыс шешім. Өйткені өздеріңіз білетіндей, қазір президенттік үміткер бір-ақ рет және жеті жылға сайланады. Осы аралықта мемлекет басшысының алға қойған біраз бастамалары мен саяси реформалары жүзеге асып, өз жемісін ел игілігіне көретінімізге сенімдімін.
Себебі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа жолдаған әр Жолдауында, 2019 жылғы үндеуінде де ең басты бағыт білім саласында екенін талмастан айтуда. Сонымен қатар, әділетті Қазақстанды құру кезінде міндетті түрде сапалы білім алып отырған жас ұрпақтың керек екенін де жақсы білеміз. Олай болса, дұрыс таңдау жасауға тиістіміз.
Екіншіден, келешегімізді болжайтын, оған жаңа бағыт, стратегиялық бағыт беретін басшы ретінде білеміз. Қазір оның негізгі міндеті ел тәуелсіздігін сақтап қалу. Өйткені тәуелсіздігіміз – біздің бойтұмарымыз. Бүгінгі алмағайып заманда, әлем елдерінің текетіресі, келіспеушілігі, алауыздығы біздің елге де әсері тиетіні белгілі. Сондықтан біз өзіміздің басты байлығымыз – бейбітшілік пен келісімді қорғай отырып, егемендік бағытымызды нақты ұстануымыз керек. Ал оның басы-қасында мемлекеттік жауапкершілікті сезіне білетін тұлға ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан қолдауымыз керек. Міне, осыған бәріміз бірлесе жұмыс істейік.

 

Дария Қожамжарова
Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434