Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1511 1 пікір 10 Қазан, 2022 сағат 12:47

Садыр Жапаров: Дау 99% біздің пайдамызға шешілді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұқбатында шекаралардағы даулы жерлердің 99% Қырғызстан пайдасына шешілгенін мәлімдеді.   

"Шекараларды айқындау кезіндегі даулы учаскелердің бәрі қазір қырғыз жеріне өтті. Таулы жер, ауыл, аудан, дала болсын, бәрі Қырғызстан пайдасына шешілді. Бұған жету жолында көптеген пікірталас, келіссөздер жүргізілді. Мен Жогорку Кеңешке осының бәрі ашық айтылсын деген тапсырма бердім. Халықтың көзі жеткенде, бізге қошемет көрсетеді", - деді Жапаров.

Ол Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстарындағы 1400 шақырым жер бойынша бір шешімге келгенін, Өзбекстанмен шекара бойынша біржола келісімге келіп жатқанын жеткізді.

4 қазанда президент Садыр Жапаров Ош облысы Узген ауданы тұрғындарымен кездескен. Онда тұрғындар Кемпірабад су қоймасы Өзбекстанға кетіп қалуы қаупі жөнінде мәселе көтерген.

Сол кездесуге қатысқан Жогорку Кеңеш депутаты Жанарбек Акаев "жердің бір метрі де Өзбекстанға өтпеді" десе, тағы бір депутат Адахан Мадумаров "Кемпірабад су қоймасы Өзбекстанға берілді" деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір