Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1702 1 пікір 11 Қазан, 2022 сағат 10:34

Жапаров Астанада Путинмен кездеспек

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 12 қазанда Астанаға ұшады, ол жақта бірқатар халықаралық шараларға қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Бұл жөнінде қырғыз президенті әкімшілігінің өкілі Муратбек Азымбакиев хабарлады.

Қырғыз президенті 13 қазанда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің 6-саммитіне, 14 қазанда ТМД мемлекет басшыларының саммитіне және "Орталық Азия - Ресей" форматындағы саммитке қатыспақ.

Осының алдында бірқатар ресейлік БАҚ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөздеріне сілтеме жасап, Астанада Садыр Жапаров пен Владимир Путин кездесуі жоспарланған деп хабарлаған.

7 қазанда қырғыз президенті Санкт-Петербургте өткен ТМД мемлекет басшыларының биресми кездесуіне қатыспаған. Бірқатар ресейлік БАҚ онда Ресей және Тәжікстан президенттерінің 70 жасқа толған мерейтойы атап өткенін жазған.

Abai.kz

1 пікір