Көршімен тату болайық
«Көршіңмен тату бол» деген халқымыздың жақсы сөзі бар. Ақпан айынан бері Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың ушыққалы елімізге келіп жатқан босқындар көп. Олардың біздің елге қаншасы келгені, қайда орналасқаны жайында әзірге қолымызда нақты мәлемет жоқ. Бірақ осыған байланысты қоғамның пікірі екіге жарылды. Меніңше, қазір босып келіп жатқан қарапайым халық. Сондықтан басына іс түскенде көмек қолын созып, адамгершілік танытқанымыз дұрыс. Оның үстіне соңғы онжылдықта Еуропаға бас ауған босқындардың тәжірибесін көрдік, сол себепті бұл мәселеге адам баласы ретінде гуманистік тұрғыда қарағанымыз жөн.
Әрине ел ішінде «олар осы күнге дейін президенттерінің саясатын ұстап келді. Енді әскерге шақырғанда жан-жаққа қаша жөнелді. Оларды босқындардың қатарына жатқызуға да болмайды» деген пікір де бар. Бірақ солардың арасында Путиннің саясатын қолдамайтыны да бар. Бұл мәселеге бір жақты қарауға болмайды. Үшіншіден, отыз жыл тәуелсіздігімізде ұлттық құндылықтарымызды, тілімізді, тарихи санамызды қайта жаңғыртып жатқанда олардың бізге келуі демографиялық салмаққа өзгеріс енгізгелі отыр. Үшіншіден, олардың жаппай қоныс аудуруы елдегі жалға берілетін, сатылатын пәтерлердің бағасы шарықтады. Міне, осының бәрі жалға алуы мен сатылатының бағасы ұшып кетті. Міне, осының бәрі халықты қобалжытып отыр.
Алайда осыған байланысты қабылданып жатқан бастамалардың өз есебі бар. Өйткені Президентіміз дипломатия жағынан тәжірибесі мол саясаткер. Сондықтан оның басты міндеті ел ішінде татулықты, тыныш заманды сақтап қалу. Әйтпесе, арғы жағымызда миллиардтаған көшіміз, бергі жағымызда 10 мыңдаған халқы бар көршіміз анталаса, біз иленіп кетеміз. Сол себепті ұлт ретінде өз-өзімізді жариялап, мемлекетің саяси негізін көрсетейік.
Бақытжан Сатершинов
Abai.kz