Сенбі, 23 Қараша 2024
2102 7 пікір 13 Қазан, 2022 сағат 12:35

Прокурор: "Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын"

Прокурор Бауыржан Шекенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды ұсынамын», - деді прокурор.

Сондай-ақ прокурор Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтен бір жарым миллиард теңге өндіріп алуды сұрады.

Одан бөлек Біртановтан санитарлық авиация бортын пайдалануға жұмсалған 5 млн 503 мың 721 теңге өндіріп алуды ұсынды.

Еске сала кетсек, экс-министр Елжан Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеунік мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтіргенін айтты.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504