Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Әне, көрдің бе? 3436 6 пікір 17 Қазан, 2022 сағат 15:52

Бұл Путин, қай Путин?

2022 жылдың желтоқсан айында КСРО-ның құрылғанына тура 100 жыл толады. 1922 жылы 30 желтоқсанда РСФСР, Украина КСР, Беларусь КСР және Закавказье КФСР біртұтас КСРО мемлекетіне біріктірілді.

Ресей президенті Путин әрқашан КСРО-ның ыдырауын апатты оқиға деп санайды. Бұл туралы ол 2005 жылы 25 сәуірде федералды жиналысқа жолдаған жолдауында айтты: «Біріншіден, Кеңес Одағының ыдырауы ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болғанын мойындау керек»,-деген он жеті жыл бұрын.

Путин өзі айтқан геосаяси апатты қай уақыттан бастап түзеуге көшкені белгісіз. Мүмкін Ресей президенті болып сайланған күнінен бастаған шығар. Естеріңізде шығар, ол 2001 жылы Кеңес Одағының ескі әнұранының әуенін қайта жаңғыртты.

Шамамен содан бері Путин шекараларды кеңейтуге барынша мұқият дайындалды. Мұндағы жалғыз мәселе – бұрынғы Кеңес Одағының қай бөліктері, Путиннің пікірінше, жаңа мемлекетке кіруі керек еді.

Ашық дереккөздердегі ақпараттың барлық жиынтығынан бірінші кезеңде жаңа одаққа Ресей, Беларусь, Украина және Қазақстан кіруі керек еді деп болжауға болады. Соңғы үш ел – толық немесе ішінара кіруі керек.

Әрине, жүз жыл бұрынғыдай барлық саяси билік Мәскеуде орналасуы керек еді. Бұл схема Путин үшін бірден бірнеше маңызды мәселені шешетін еді.

Біріншісі, Дүниежүзілік атақ пен тарихтағы орны «Эхо Москвы» радиостанциясының бұрынғы бас редакторы, қазіргі шетелдік агент Алексей Венедиктов тарихтағы орын мәселесі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Путинге тарих кітаптарында аты қалуы өте қызықты. Олардың арасындағы әңгімелерде бұл тақырып қайта-қайта көтерілді. Екіншісі, мүмкіндігінше, ұзақ уақыт билікте болу. Өмір бойы. Қазір Путиннің билікте отырғанына 22 жыл болды.

2021 жылы 18 наурызда Владимир Путин Қырымның Ресейге қайта қосылуының жеті жылдығына арналған концертте сөйлеген сөзінде:

«1920 жылдары большевиктер белгісіз себептермен Кеңес Одағын құра отырып, елеулі аумақтарды, геосаяси кеңістіктерді квазимемлекеттік құрылымдарға ауыстырды. Содан кейін өздері күйреді, партиялар іштен ыдырады, Кеңес Одағын тарады. Бұл Ресейдің орасан зор аумақтардан айырылуына әкелді. Бірақ біз бір нәрсемен ешқашан келіспейміз: Ресейдің «сыйлықтарын» Ресейдің өзіне қарсы қолдануға жол бермейміз. Осы сөзді бәрі естіді деп ойлаймын»,-деді.

2021 жылы 12 шілдеде Путин «Орыстар мен украиндардың тарихи бірлігі туралы» мақаласын жариялады, онда ол былай деп жазды:

«Большевиктер орыс халқына әлеуметтік эксперименттер жасайтын сарқылмас материал ретінде қарады. Олар ұлттық мемлекеттер толығымен жойылады деп сенген әлемдік революцияны армандады. Сондықтан шекаралар ерікті түрде кесіліп, жомарт аумақтық «сыйлар» таратылды. Сіз белгілі бір шешімдердің астары мен логикасы туралы дауласа аласыз. Бір нәрсе анық: Ресей шынымен тоналды».

2021 жылы 23 желтоқсанда жыл сайынғы баспасөз мәслихатында Владимир Путин былай деді: «Украинаны құрған кім? Владимир Ленин. Ол Кеңес Одағымен бірге құрды. 1922 жылғы шарт – одақтық шарт. 1924 жыл Конституция жылы. Ол қайтыс болғаннан кейін болса да, соның принциптерімен құрылды».

Барлығы 2014 жылға дейін жоспар бойынша өтті. Лукашенко Белорусияны, Янукович Украинаны, Назарбаев Қазақстанды Ресейге жақындата түсті. Бір кездері Ресейдің Алясканы америкалықтарға сатқаны сияқты Янукович те  Қырымды Ресейге сатуы керек деген қауесет тарады. Өйткені ол кезде патшалық Ресейге қатты ақша қажет болды. Демек, Януковичке де ақша керек. Солай болды да. Ашулы украиндар Януковичті қуып жіберді. Нәтижесінде Қырым күшпен алынды. Осыдан кейін Украинаның бейбіт аншлюс жоспары бұзылды.

Путин «Б» операциясын –  «арнайы әскери операция» деп аталатын жоспарды жалғастырды.

Айта кету керек, Қазақстан, шын мәнінде, өте бақытты ел. Өйткені ол бірінші құрбан болуы мүмкін еді. 2022 жылдың қаңтарында елде наразылық шерулері өтті. Басты рөлде Ресей ойнайтын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) әскерлерін әкелу қажет болды. Бірақ осы жерде жоспар бұзылып, Ресей Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды. Оған себеп болған – Қытай.

Айтпақшы, 2019 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қазан айына дейін Ресей басшылығының өкілдері Қытай басшылығына «Қазақстанның болашағын» талқылау ұсынысымен кем дегенде сегіз рет хабарласты. Дәлірек айтсақ, Қазақстанды екіге бөлу мәселесі айтылды. Бірақ Қытай мұны қабылдаған жоқ.

Қазақстанды қоя берген Ресей Украинада жеңіске жетуді ұйғарды. Бастапқыда «барлық арнайы операцияны бір аптаның ішінде аяқтау жоспарланған болатын». Алайда, оның басталғанына 7 айдан астам уақыт өтті, соңы жоқ. Бұл азып-тозу соғысы.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2020 жылы Украинаның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 155 миллиард долларды құраса, Ресейдің ішкі жалпы өнімі 1 483 миллиард долларды құрады. Он есе дерлік артық. Украинаның мүмкіндігі аз болды. Бірақ бүкіл өркениетті әлем Украинаға көмекке келді. Оның ресурсы Ресейге қарағанда көбірек бола бастады. Қазір соғысып жатқан екі елдің экономика көлемін салыстыру жеткілікті.

АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Австралия (яғни Ресейге қарсы санкцияларды ең белсенді енгізген елдер) жалпы ішкі өнімі Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша 2020 жылы 47 036 миллиард долларды құрайды. Бұл 32 еседей артық. Ресейдің әлемдік экономикадағы үлесі 1,75 % құрайды. Жоғарыда аталған елдердің үлесі 55,5 %-ды құрайды.

Бүгінде Ресей мен Украина арасындағы әскери текетірестің нәтижесі мәнін жоғалтқандай. Әсіресе, Ресейдің соңғы кездегі «қайта топтасулар» мен басқа да «ізгі ниет қимылдарын» ескерсек.

Естеріңізде ме, жақында (дәлірек айтсақ, 2022 жылдың 15 маусымында) Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Медведев өзінің телеграм арнасында мақтанды: «Екі жылдан кейін Украина әлем картасында болады деп кім айтты? Бүгінде Ресейге қатысты осындай сұрақты қозғайтын кез келді»,-деді.

Қазір Путиннің аты тарихта қалай жазылатыны қызық.  Оның есімі белгілі атауға айналады. Ол ұзақ уақыт бойы бүкіл әлемдегі балаларды қорқытады. Бүкіл әлемде мұндай жексұрын беделге ие бір ғана адам болған. Ол – Адольф Гитлер болатын.

Путин де Гитлер болады не одан асып түседі. Өйткені ол өзі басқарып отырған елді бүкіл әлемге террористік ел ретінде танытты.

Айтпақшы, «Ресей сталиндік тазартулардың қайталануын күтеді», - деп ескертті украиналық қоғамдық қайраткері Алексей Арестович. Оның айтуынша, жақын арада Ресейді өте қиын кезең күтіп тұр. Ресей диктаторы Владимир Путин Ресейде жаппай тазартуды бастайды.

Ол Ресейдің өзі бастаған соғысты әскери мағынада да, экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік жағынан да жеңе алмайтынына, яғни бүкіл идеяның алдын ала сәтсіздікке ұшырайтынына назар аударды.

«Бұл сәтсіздік. Бұл сәтсіздікке біреу кінәлі болуы керек. Сондықтан кінәлілер тазартылады: насихатшылардан экономистерге дейін. Путин тірі кезінде барлығын тазартады. Немесе олар Путиннің өзін жояды. Өте қарапайым нәрсе», - деді Арестович.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

6 пікір