Сенбі, 23 Қараша 2024
4782 17 пікір 17 Қазан, 2022 сағат 19:12

Кез келген мәселе келісіммен шешілуі тиіс

Қазір дүниежүзінде болып жатқан геосасия жағдайды бүкіл адамзатты алаңдатады. Украинаның жағдайын көріп, жаның ашиды, жүрегің ауырады. Құдай басқа бермесін! Осындайда Қазақстанда ғана емес, жер бетінде тыныштық болса екен деп тілейсің. Сондықтан әлемде болып жатқан қақтығыс пен шиелініске ілікпей, еліміздің тыныштығын, халқымыздын амандығын сақтап қалуымыз керек. Соңғы уақытта тұрақтылыққа қол жеткізу мәселесін текке айтылып жүрген жоқ. Әлемдік экономикадағы шиенелістер күшейген сайын дағдарыс та артады. Байқасаңыз, азық-түлік қымбаттап, ел ішінде әлеуметтік ахуал төмендеді деп, дабыл қағып жатырмыз. Бірақ қазір халыққа бейбітшілік пен тұрақтылық қажет. Осыны сақтай алсақ, әлеуметтік қиындықты да шешуге мүмкіндік болады.

Өткенде Астанадағы Діндер съезінде Рим Папасы қазақ қоғамын біріктіріп отырған ынтамақтастық екенін басып айтқан. Сөзбе сөз айтсақ, «өйткені елде 150-ге жуық этникалық топ пен сексеннен астам тіл бар. Әртүрлі тарихы, мәдени және діни дәстүрлері бар. Соған қарамастан, бұл халықтар бірлесе, адам айтса нанғысыз ынтымақтастық орнатқан» деген Рим Папасы Франциск. Расымен, Қазақстанға бейбітшілік елшісі ретінде келген Папаның бұл сөзін әлем халықтарының берген үлкен бағасы деп қабылдаған жөн.

Бір нәрсе ғана ақиқат: бірлік бар жерде тірлік бар. Президент осы мақсатта мықты дипломатиялық ұстанымды негіз етіп отыр. Бұл ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін де маңызды.  Сондықтан халықаралық қатынастарда мүмкіндігінше түсіністікпен сөйлесіп, мәселені келісіммен шешу жолынан таймауымыз керек. Сонда қазақ елінің болашағы нұрлы болады деп сенемін.

 

Оралбек Жақиянов

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496