Бұл миссия Украина қарулы күштері мен Аумақтық қорғаныс күштерін дайындауға көмектеседі.
"Миссия мақсаты - Украина қарулы кұштерінің әскери дайындығын жетілдіру", - деп жазылған Еуроодақ кеңесінің мәлімдемесінде.
Миссияның шұғыл штабы Брюссель қаласында ашылады. Оған вице-адмирал Эрве Блежан қолбасшылық етеді. Миссия жұмысына Еуроодаққа мүше елдер, сонымен бірге басқа да халықаралық әріптестер қатысады. Атап айтқанда, миссия Ұлыбритания, АҚШ және Канадада украин жауынгерлерін дайындаумен айналысатын басқа да орталықтардың жұмысын үйлестіреді.
Миссия жұмысы әзірге екі жылға арналған. Ұйым бюджеті - 106,7 млн еуро.
Бұған қоса, ЕО Украинаға қару-жарақ сатып алуға 500 млн еуро бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша Еуроодақтың Украинаға көмегі 3,1 млрд еуроға жетті.
Бұның алдында АҚШ президенті Джо Байден Құрама Штаттардың қорғаныс бюджетіндегі 725 миллион долларды Украина қорғанысы мен қауіпсіздігіне көмек ретінде берген. 2022 жыл басынан бері АҚШ Украинаға 50 миллиард доллар көмек бөлсе, соның шамамен 27 миллиарды әскерге аударылды.
Алдында ғана Британия NASAMS жүйесіне арналған әуе қорғанысы зымырандарын Украинаға беретінін мәлімдеген. Франция болса Әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін жеткізетінін хабарлаған. Канада шамамен 35 млн доллар әскери көмек беретінін мәлімдеген.
Сонымен бірге, 13 қазанда Еуропа Одағының Парламенттік ассамблеясы Ресей Федерациясын террористік жүйе деп танитын қарар қабылдап, Украинаға өз аумағын қорғауға қажетті қару-жарақ жеткізуді тоқтатпауға үндеген.
Abai.kz