Сенбі, 23 Қараша 2024
1666 4 пікір 19 Қазан, 2022 сағат 13:47

Астанадағы LRT құрылысы жалғасады

Астанадағы LRT құрылысы жалғасатын болады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Үкімет жоба келешегін талдап, әртүрлі схемаларды қарастырған. Соңында отандық және шетелдік сарапшылардың пікірін ескере келе, құрылысты жалғастырып, аяғына жеткізу туралы шешім қабылдаған.

"Қазір біз бұл жобаны қаржыландыруды жалғастырып жатырмыз, атап айтқанда күзде құрылысты жалғастыруға қосымша 20 млрд теңге бөлдік. Бөлінген қаржының тиімді игерілуін, осы жоба шеңберінде атқарылуы тиіс міндеттерінің орындалуын қадағалайтын боламыз. Жоба ойдағыдай аяқталуы үшін кезең – кезеңімен қосымша қаражат бөлетін боламыз", - деді Смайылов.

Айта кетейік, жазда Астана әкімі Алтай Көлгінов жобаның табыс әкелмейтінін және оны бизнес нысаны ретінде қарастыруға болмайтынын айтқан болатын.

Құрылысты аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет. Алдын ала есептеулер бойынша LRT қызметіне жыл сайын 4 млрд теңге жұмсалады екен.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458